astana-view

СӘУІР: Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы әзірленді

2016 жылғы 24 Желтоқсан
4324 просмотров

Бизнес жағдайы туралы біртұтас ақпарат жиналған ерекше ресурс жасалып, онда қай өңірде қандай мүмкіндік бары нақты көрсетілді

Бизнеспен айналысып жүрген және өз ісін ашқысы келетін кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудің мүмкіндіктері мен шарттары жинақталған ақпараттық-сараптамалық ресурс жасалды. Картаның басты мақсаты – өнеркәсіп саласын, өңірдің шикізаттық бағытын, инфрақұлымының бар-жоқтығын, және т.б. жағдайларды анықтай отырып, кәсіпорынның инвестициялық әлеуетін анықтау. Картада бизнестің орналасу аумағы, ресурстары, жұмыс күші жөнінде толыққанды ақпарат берілген. Бұл Карта отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік инвесторлар үшін де жақсы демеу болып тұр. Картада әр ауданның сараптамалық жағдайы анық көрсетілген (табиғи-минералды ресурстары, логистикасы, сату нарығы, кедергілері), қандай қуат күштері бары нақтыланған, энергетикалық тораптарға қосылу нүктелері де, ірі, орта және шағын бизнестің кәсіпорындары туралы да толық мәлімет алуға болады. Картаның ортақ базасына 306038 кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат жинақталды, олардың 4249-і – ірі және орта бизнес субъектілері, 301 789-і – шағын бизнес субъектілері.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы туралы барлық ақпаратты мына сайттан таба аласыз: www.businessnavigator.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер