astana-view

Шілде: «Bastau Бизнес» жобасы

2016 жылғы 27 Желтоқсан
6988 просмотров

2016 жылдың шілде айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл тұрғындарына бизнестің негіздерін оқыту үшін, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Bastau Бизнес» пилоттық жобасын іске қосты

Кәсіпкерлік дағдыларды үйрету жөніндегі «Bastau Бизнес» жобасының мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру.

Бұдан әрі жоба Ақтөбе облысының Темір ауданында, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында іске асырылды.

Келесі жылдан бастап «Bastau Бизнес» жобасы мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылатын болады. 2017 жылға Қазақстанның 14 облысындағы 80 ауылдық аудан белгіленді, ал 2018 жылы барлық 160 ауылдық аудан қамтылатын болады. 2017 жылы «Bastau» құралы арқылы 15 мың адам оқытылса, 2018 жылы – 18 мың, 2019 жылы – 22 мың, 2020 жылы – 26 мың, 2021 жылы – 30 мың адам оқытылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер