astana-view

Тиімділігі ең төмен мемлекеттік органдар анықталды

2017 жылғы 04 Сәуір
- Астана қаласы
9276 просмотров

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің аясында мемлекеттік органдардың тиімділік рейтингі дайындалды

Бағалау орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жүргізілді.

Бизнестің пікірінше тиімділігі анағұрлым төмен деп Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметі танылған. Сондай-ақ, бұл қатарда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Қаржылық мониторинг комитеті де бар.

Сонымен қатар салық және өртке қарсы қызмет органдары тиімділігі бойынша көш бастап тұр.

Бұл жағдай аталған қызметтердің жұмысы негізінен автоматтандырылғанымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, жауап қату уақыты, техногендік апаттар мен төтенше жағдайдағы іс-әрекеті реттелген. Мұнымен қоса, салық органдары мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өздері көрсететін қызмет түрлерін көптеп орналастырған, осылайша есептеу мен хабарлама беру жүйесі жеңілдетілген. Мысалы, электронды мағлұмдау айтуға болады. ҚҚС-ке қою жүйесі оңайлатылған, түрлі анықтамаларды беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтер базасымен үйлестірілген (Халыққа қызмет көрсету орталықтары).  

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеу қорытындысымен мына жерден таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер