astana-view

Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа мәжбүрлейтін факторлар анықталды

2017 жылғы 05 Сәуір
9530 просмотров

Бизнес өкілдерін пара беруге итермелейтін жағдайлар бар

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық тәсілін пайдалануға мәжбүрлейтін факторлар тізімі жасалды.

Олардың қатарында кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың көптігі, орындалмайтын міндетті талаптар немесе мемлекеттік органдардың әкімшілік процедуралары, рұқсат ететін құжаттарға қойылған бағаның жоғарылығы (лицензиялар, сертификаттар, патенттер және т.б.), кәсіпкерлердің заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен тайқуға деген ниеті, өтінімдерді қарау мерзімінің ұзақтығы, бизнесті сақтап қалу мақсатында қолайсыз әкімшілік ортада мәжбүрлік төлемдер, кәсіпкердің қосымша бәлекелестік басымдықты қалауы бар.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын.

Зерттеу қорытындысымен мына жерден таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер