astana-view

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары бойынша семинарларға қатысыңыздар

2017 жылғы 13 Сәуір
5253 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауы бойынша оқыту семинарларына шақырады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстауға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырушы ретінде байқауға қатысушылар үшін оқыту семинарларын өткізеді. Семинарда қатысушыларға байқау материалдарын дайындау, байқау тәртібі мен ережесін түсіндіру, сапа бойынша халықаралық байқаулар таныстыруға қатысты кеңестік-әдістемелік көмек көрсетіледі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін семинар жұмысына қатысуға шақырады.

Семинарлар 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасында ағымдағы жылдың 19 сәуірінен 2 маусым аралығында Кестеге сәйкес өткізіледі.

Семинарға қатысу туралы өтінімді өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кестеде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша беру керек.

Қосымша ақпарат үшін 87172 919388 (ішкі:1931) хабарласуға болады.

Өңірлік семинар өткізу кестесі тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер