astana-view

«Бастау Бизнес»: Ұлттық палата бизнес-жаттықтырушыларды шақырады

2017 жылғы 26 Маусым

Бизнес-жаттықтырушыға қойылатын негізгі біліктілік талаптар

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республикалық ауқымда қамтылған «Бастау бизнес» жобасына қатыстыру үшін тәжірибелі немесе әлеуетті бизнес-жаттықтырушыларды тұрақты қабылдау туралы хабарлайды.

Бұл жоба еліміздің ауылдық жерлерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесуге әрі бөлісуге дайын тәжірибелі, өршіл, әлеуметті-белсенді, бастамашыл бизнес-жаттықтырушыларды қызықтырады.

Жоба мақсаты: Қазақстанда ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейін бизнес-бастамаларға қолдау көрсету әрі кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы арттыру

Негізгі біліктілік талаптары: 

  • 30 жастан жоғары; 
  • бизнес-жобаларды жүргізу тәжірибесі; 
  • көпшілікпен, жеке адамдармен жұмыс істей білу қабілеті;
  • бизнеске мемлекеттік қолдау және жеке менторлық шараларын білу; 
  • стреске төзімділік, сабырлылық; 
  • ұзақ мерзімді іс-сапарға дайын болу;
  • өз ісін бастаған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі. 

Қызығушылық танытқан жағдайда өз түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com электронды адресіне жолдауыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер