astana-view

Елорданың үздік тауары – 2017

2017 жылғы 03 Шілде
- Астана қаласы
6117 просмотров

4 шілде күні Астанада жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтеді.

Өңірлік кезең барысында комиссия Елордада шығарылатын тауарлардың ішінен үш аталым бойынша үздігін анықтайды: 

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»
  • «Халыққа арналған үздік тауар»
  • «Үздік азық-түлік тауары» 

Көрме байқауына трансформаторлық қосалқы станция, құбыр, құрылыс қоспалары, пластик карта мен арнайы киім шығаратын, сондай-ақ биопакет, мүгедек арбасын, төсек жабдықтары мен халық тұтынатын өзге де тауарларды дайындайтын компаниялар қатысады.

Өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары республикалық деңгейде өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға ммүкіндік алады.

Құрметті журналистер, міндетті түрде тіркеуден өту керек!

Назар аударуды сұраймыз, көрме сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін болады.

Сіздерді 4 шілде күні сағат 12-00-ге бағдарламаның салтанатты ашылуына  шақырамыз, 12-30-да жеңімпаздарды марапаттайды.

Өтетін орны: «Қазмедиа орталығы» (Д.Қонаев көшесі, 4), 1-қабат, концерт залы жағынан кіргендегі фойе.

Тіркеу бойынша Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне хабарласу керек:  +7 (7172) 91 90 89, 8-775-813-21-26, a.yelyubayeva@palata.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер