astana-view

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы басталды

2017 жылғы 28 Шілде
8192 просмотров

Астана қаласы «Көрме» орталығында  «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы  өтеді. Шара аясында сатып алулар, өткізу, сауда және экспорт тақырыптары талқыланады

Еліміздің 350 тауар өндірушін біріктірген айтулы форумға ҚР Премьер-Министрі орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов, Астана қаласы әкімі Ә.О.Исекешев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Сарқұлов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Б.Әлтаев қатысады. Спикерлер сатып алулар, сауда салысының дамуы, экспорттың әлеуеті жайында баяндамалар оқиды.

­«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілерінің өткен І, ІІ форумында ұзақмерзімді келісімшарттар жасалды. Биылғы форум өткізу жаңашылдығы ретінже «Jumore.com», «Zoodel» сынды шетелдік электронды сауда платформаларына отандық тауар өндірушілері тауарлары қойылуы, экспорт кеңістігінің кеңеюін айтуға болады.

Форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілеріне ірі сатып алушылармен өнім сапасын жақсарту, өнімді өткізу, сатып алулардағы ашықтық, экспортқа шығу мәселелерін талқылау үшін мүкіндік беру.  
Отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар  арасында байланысты нығайту мақсатында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады.

Форум аясында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауы мен «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтеді. Барлығы 350 үздік компания өз өнімін ұсынады, көрме қонақтары ұнатқан тауарын өндірушінің өзінен алу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан бөлек көрме қонақтары күнделікті сағат 16:00-де өтетін бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.

Аталмыш шаралардың алғаш рет ұйымдастырушылары ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП  және «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры  танылып отыр. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер