astana-view

«Атамекен» құрылған соң бәрі де өзгерді

2017 жылғы 09 Қыркүйек
2773 просмотров

2013 жылы қымыз дайындаудың халықтық әдісіне патент алған «Заң» ЖШС директоры Дүйсенбек Ыбынәлиев «Атамекен» жұмысының туралы ой бөлісті.

«Заң» Қазақстанда 5 жыл бойы ғылыми жұмыс жасауға аккредиттеуден өткен жалғыз фирма екенін атап өту керек. Бүгінде кәсіпорын «Хан қымыз» атауымен қышқылдығына қарай төрт түрлі өнім шығарады. «Заң» ЖШС Жамбыл облысының аумағынан тыс өңірлерге де таратылады. Компанияның шетелге өнім шығаруға рұқсат ететін  құжаты бар. Атап айтқанда Кедендік одақтың сапа сертификатын алған.

«Жұмыс барысында көптеген министрліктермен байланыс орнаттым. Алайда «Атамекен» құрылғалы бері бәрі де өзгерді. Бұл ұйымды орынды құрған. Кәсіпкер барып, мәселесін шешіп, қорғау алатын жалғыз ұйым. Менің түсінігімде Ұлттық палата «кәсіпкерлердің министрлігі» секілді. Сондай-ақ біздің жұмысымызды көрсетуге де ерекше қолдау береді, облы бойынша барлық бөлімшелер кәсіпкерлікті дамытып отыр», - деді Дүйсенбек Ыбынәлиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер