astana-view

Сәуле Салихова: «Атамекен» дәл уақытында құрылды

2017 жылғы 11 Қыркүйек
3667 просмотров

Маңғыстау облысындағы «DeSali design territory» студиясының директоры Сәуле Салихова Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күніне орай лебізін білдірді

Маңғыстау облысының іскер қыз-келіншектерінің атынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 4 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. 2013 жыл бизнес үшін күрделі кезең болды, көптеген бағдарламалардың жүзеге асырылуы тежеліп, қайда бағыт алу керектігі туралы нақты түсінік болмады. Сондықтан Палатаның дәл сол кезеңде құрылуы ең дұрыс шешімнің бірі болды. Осы жылдар ішінде кедергілерді жою, заңнаманы жетілдіруге қатысты ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл жұмысты жалғыз істеу өте қиын, ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіби деңгейде атқарып келеді. Біз әлі де биік жетістікке жететінімізге сенімдімін, біздің қолымыздан келеді».

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер