astana-view

Ақтөбе зауыты «Алтын сапа» сыйлығына үміткер

2017 жылғы 23 Қазан
4497 просмотров

Зауытта өрт сөндіретін баллон өндірісінің жаңа жабдығын сыналады

Ақтөбенің өртке қарсы жабдық зауыты – елімізде бастапқы өрт сөндіру құралдарының толық өндіріс циклымен жұмыс істейтін жалғыз зауыт. 2012 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-зерттеу институтынан толықтай аккредиттеуден өткен ЭКСТРА-KZ өрт сөндіретін ұнтақ шығарыла бастады.

Зауыттың ұнтақ және көмірқышлқыл қатарындағы өрт сөндіру заттарына бір жыл кепілдік беруі, сондай-ақ он жыл пайдалану мерзімінде қайта қуаттандыру бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететіндігі маңызды.

2014 жылы Ақтөбенің өртке қарсы жабдық зауыты өртке қарсы шкаф, қалқан, құм жәшігі мен шелек өндірісін қосты. Ақтөбе өнімдері «Экспо-2017» нысандарының құрылысында пайдаланылды.

«Бүгінде зауытта өрт сөндіру баллондары өндірісінің жаңа жабдығы сынақтан өткізілу үстінде. Осы жылдар ішінде өндіріс желісін автоматтандыруға дейін жеткізіп, қалдықсыз жұмыс істеуге дейін көтерілдік», ­- деп атап өтті Тимур Рабаев.

Жасанды бұйымнан сақтану Ақтөбенің өртке қарсы жабдық зауытының өнімін отандық сапа деп айтуға әбден болады. Оның үстіне зауыттан шығатын өрт сөндіру құралының бағасы да тиімді. Ақтөбенің өртке қарсы жабдық зауыты өрт сөндіру құралдары республикалық, мемлекеттік, жергілікті мекемелерде, жеке сектор ғимаратында, балабақша мен мектептерде, ауруханадан бастап мұнай-газ саласындағы компанияларға дейін қолданылады.

«Қазіргі таңда экспортқа шығып отырмыз. Ресейдің Орынбор қаласымен келіссөздер жүргізілу үстінде. Өзбекстан өкілдері серіктестік ұсынысын білдірді. Қырғызстанмен өнім жеткізу бойынша сөйлесіп отымыз», - деп хабарлады зауыттың қаржы директоры Сергей Ена.

Зауыт басшылығы бизнестің әлеуметтік жауапкершлігін қолға алған. Зауыт басшысы Ұлттық палата бастамасымен ұйымдастырылған «Атамекен» акциясын қолдады. Осы айда мүгедек жан Азамат Әмітжанға «Керік» деп аталатын вертикализатор оңалту құралы алып берді.

Қазіргі таңда зауыт тағы бір акцияны қолға алған. Жазғы демалыста Алға балалар үйі мен облыстағы Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері бояған өрт сөндіру баллондарын өткізіп жатыр. Түскен қаражаттың барлығы балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің есепшотына аударылады. Сонымен қатар аталған өрт сөндіру құралдарын зауыттың Ақтөбеден бөлек, Алматы, Астана, Шымкент, Атырау қалаларында орналасқан бөлімшесінен алуға болады.

Биыл компания ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Алтын сапа» республикалық сыйлығы 2006 жылдан бері табыс етіледі. Жыл сайын ондаған отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсететін компаниялар үздік атану үшін өтінім беріп, байқауда бақ сынайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер