astana-view

Акция сеп болған жаңа бизнес

2018 жылғы 16 Қаңтар
8310 просмотров

«Атамекенім» республикалық акциясының аясында көрсетілген көмек негізінде Атырау облысының шалғай ауданындағы кәсіпкер бизнесін ұлғайтпақ

Жаңабай Молдағалиев – Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округінде тұрады, І топтағы мүгедек. Алайда бұған қарамастан оның өмірге құштарлығы мен мақсатқа жетпей қоймайтын жігерлігі  талай жанды таңқалдырары анық.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалы ашылғаннан-ақ Жаңабай Молдағалиев тұрақты клиентке айналды. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кеңесшілерінің ұсынысымен Жаңабай Молағалиев кәсіпкерлік негіздерін оқытатын курстан өтіп, 2016 жылы мал терісін қабылдау және өткізу бойынша жеке бизнесін бастады.

«Менде жұмыс көлемі ауқымды емес. Сондықтан бизнестің басқа түрлерін де қарастырып отырмын. Менің І топтағы мүгедек жан екенімді ескерсек, банктен несие алу қиын. Аудан басшысы мен Палатаның филиалына қолдан келер көмек көрсету өтінішімен жүгіндім. Қуанышқа орай, менің өтінішім жерде қалмады», - дейді кәсіпкер.

Аудан әкімдігі Палата филиалының басшысымен және бір топ кәсіпкерлермен бірлесіп, Жаңабай Молдағалиевке принтер, ноутбук пен көпфункционалды фотоаппаратты сыйға тартты. Жаңа жабдықтың арқасында енді азамат болашақта компьютерлік және суретке түсіру қызметін көрсетуді жоспарлап отыр.

Осылайша әкімдік пен Қызылқоға ауданының кәсіпкерлері жалпы республикалық «Атамекенім» акциясына қолдау білдірді. Бұл жоба Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып, кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға бағытталды. Акция аясында кәсіпкерлер жерлестеріне, көмекке мұқтаж жандарға көмектесе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер