«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

726 тыңдаушы «Бастауға» қатысып жатыр

17 Сәуір 2018 - Шығыс Қазақстан облысы

Биыл оқыту облыстың 15 ауданында жүргізіледі

Бизнес-тренерлер жұмыстарына кірісті. Өңір тұрғындары «Бастау» жобасына асқан қызығушылық танытып, алдын ала дайындық жасағаны жайында ШҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова хабарлады.

 Бүгінде  көшбасшылар Аягөз бен Көкпекті аудандары.

 «Бізде бірінші лек бойынша 69 тыңдаушы бар. Бағдарлама тамаша, халық ынтасы жоғары. 2017 жылы тұрғындар жобаға сенімсіз қараған еді. Биыл жағдай басқа, барлығы жеңіске, нәтижеге ұмтылған. Былтыр жеңіске жеткендер кәсіптерін оң жүргізіп отыр. Былтырғы тыңдаушылар келіп, жаңа қатысушыларға сәттілік тіледі», – деді ШҚО ӨКП Көкпекті ауданы филиалының директоры Әлия Мұқашева.

 Тыңдаушылардың айтуынша оқыту қызық форматта, ойын, тимбилдинг арқылы өтуде.

 Облыс бойынша «Бастау» жобасына тестілеу арқылы 750 адам өтті. Оның ішінде 726 адам сабаққа қатысып жатыр. Бірінші лек бойынша оқыту 15 мамыр күні аяқталады.

 Екінші лекке іріктеу басталды.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер