astana-view

Қарағандыда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының оқу семинары өтті

2018 жылғы 23 Мамыр
2406 просмотров

17 мамыр күні Қарағандыда ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы қатысушыларына арнап оқу семинары өткізілді. Семинарға өңірдің 30 компаниясы қатысты. Айта кетелік аталған оқу семинарлары бүкіл республика бойынша өтуде.  

Семинар барысында ҚР Президенті «Алтын Сапа» сылйғын алу байқуы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізу бойынша сарапшы Мәдина Мұқатова байқауларға қатысу ережелері жайында ақпарат берді.

Сарапшының айтуынша,  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы биыл үш кезеңнен тұрады. Алғашқы рет онлайн дауыс беру іске қосылады.

 Айта кетелік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының негізгі мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың отандық өнімін сапасын жақсартуға бағытталған қызметін белсендету, Қазақстан нарығын сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен толығуына атсалысу, басқарудың заманауи әдістерін енгізу және отандық, халықаралық стандарттары негізінде сапамен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселесі, халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттауға  аудару болып табылады.

 Қазіргі таңда Қарағанды облысында ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға 80 компания ниет білдірді.

 Ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады: +7 (7212) 504055


Еншілес ұйымдар

Серіктестер