astana-view

Ақмола облысының 50 компаниясы «Алтан Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға дайын

2018 жылғы 08 Маусым
- Ақмола облысы
3356 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары байқауға қатысу науқанына неғұрлым көп кәсіпкерді тартуды, байқау шарттары бойынша оларды егжей-тегжейлі дайындауды жоспарлап отыр.

13 маусым күні Көкшетауда ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақсанның үздік тауары» көрме-байқауы бойынша кәсіпкерлерге арналған оқу семинары өтеді.  Семинар барысында қатысушыларға өтінім беру, құжаттар топтамасын жинау, ережелер мен шарттар түсіндіріледі, сапа саласында халықаралық байқаулар жайында ақпарат беріледі.

Бүгінде өңірдің 20 кәсіпорны байқауға қатысуға толық дайындықтарын көрсетті, тағы 30 компания – әлеуетті қатысушы. Бұл ет, сүт өндірушілері, құс шаруашылығы компаниялары, өнеркәсіптік өндірісі саласының кәсіпорындары. Қатысушылар арасында бұрын байқауға қатысқан майталман кәсіпорындар да бар. Олар «Щучинск қазандық-механикалық зауыт» ЖШС, «Capital Projects LTD» ЖШС, «Enki» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «SAMHAT» аяқ киім фабрикасы» ЖШС және басқалар.

 «Беделді байқауларға қатысу – отандық өндірушілер үшін белгілі бір дәрежеде сапаның белгісі, бұл компаниялар соңғы жылдары басты міндетті – импортты алмастыруда жетістікке жеткен. Өнімін немесе қызметін бұқараға ұсынған компания өз брендінің танымалдығын арттырады. Осылайша өндірушілер сапалы тауарлар мен қызметтер туралы тұтынушыларды кеңінен хабардар етеді, өнімдерді отандық, сондай-ақ халықаралық нарықтарға ілгерілетуге мүмкіндік береді», – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Айта кетелік, «Алтын Сапа» байқауында биыл бірақ өзгерістер бар. Байқауға ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында жаңа төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар арнайы екі аталым бар: «Үздік инновациялық жоба», «Үздік индустриялық жоба».

 «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқуында да жаңашылдықтар бар. Енді жеңімпаздарды дәреже (І, ІІ, ІІІ дәрежелер) бойынша бөлу алынып тасталды, өйткені жеңіске жеткен тауарлар түрлі топтарға жатады. Олардың тұтынушылық қасиеті өздеріне ғана тән ең жоғары дәрежеде. Сондықтан үш аталым бойынша тең деңгейде үш жеңімпаз анықталады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер