astana-view

Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласында Extension жобасы іске қосылды

2018 жылғы 16 Маусым
2891 просмотров

С.Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университеті мен «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілікті арттыру ортылығының бірлесіп атқарған 5 ай бойығы жұмысының нәтижесі алғашқы жемісін берді.

13 маусым күні С.Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университеті және «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілікті арттыру ортылығы өкілдерінің кездесуінде Агроөнеркәсіп кешенін цифралндыру саласында Extension білімін енгізу бойынша бірегей жобаны іске қосу туралы хабарланды.

 Тараптар арасында Extension білімін енгізу туралы келісім жасалды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 9 пилоттық шаруашылық базасында цифрлық технологиялар элементтерін енгізу, сонымен қатар аграрлық бизнес саласында кем дегенде 270 субъектіге 18 парктикалық семинар өткізу арқылы енгізілген технологияларды көрсетіп таныстыру.

Алғашқы көшпелі іс-шаралар жуырда өтеді: түрлі бейіндегі сарапшылармен, атап айтқанда геоақпараттық технологиялар, жерді қашықтықтан зондтау, жерге орналастыру, топырақтану, өсімдіктерді қорғау, агрономия, ауыл шаруашылығы технологиясы, мал шаруашылығы, экономика, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар және ІТ саласындағы мамандармен   бірге 9 пилоттық шаруашылыққа бару жоспарланған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер