«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Мұнайға арналған жабдықтар Алматыда өндіріледі

06 Тамыз 2018 - Алматы қаласы
842 просмотров

Шағын жанармай бекеттері, су мұнаралары, мұнай өнімдеріне арналған болат ыдыстарды Алматыда жасайды екен.

«Нефтетехника» ЖШС – елдегі мұнай-газ кешенді кәсіпорындарға арнап жабдық шығаратын отандық компания. Биыл кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатыспақ.

Компанияның мамандануы – кез келген күрделілікте металл конструкцияларын жасау. Шығарылатын өнім ассортименті клиенттер сұранысына қарай кеңейіп жатыр.

«Тауар  тізбегі үнемі жаңарып отырады. Осындай мүмкіндік клиенттерімізге мұнай өнімдерін тасымалдау, сақтау және өткізуде жедел түрде шешім қабылдауға көмектеседі. Өндірісімізде техникалық бөлімнің маңызы зор. Үш мөлшерлі моделдерді жасауға мүмкіндік беретін конструкциялы құжаттамы әзірлеу үшін арнайы бағдарламаны қолданамыз. Бұл әдіс сапаны жақсартады. Барлық өнім қатаң сынақтан өтеді», – деді компания директоры Алексей Казаковцев.

Қазіргі таңда компания сертификатталған жабдық шығарады: мұнай, мұнай өнімдері мен басқа да агресияшыл емес сұйықтықтарды қабылдау, сақтау, өткізу, есептеуге арналған болат ыдыстар, сұйытылған көмірсулы газдарға арналған резервуарлар, блок-контейнерлі автожанармай станциялары, су мұнаралары, мұнай және мұнай өнімдері деңгейін өлшейтін құралдар, рулеткалар, сынама алу құралдары, мөлшерлі шелектер, өрттен сақтайтын құралдар, технологиялық отсектерді шығарады.

   «Мақсатымыз – мұнай өндіруші компанияларға арналған қолжетімді әрі сапалы өнім шығару. Клиенттеріміздің қалауына қарай тез әрекет етуге тырысамыз. Өндірісте жеке автопарк пен бөлшек заттарға арналған қойма бар, осылай жұмыс үздіксіз жүреді, мәселен, жанармай бекетінде техникалық ақаулар болып қалса, біз көмек беруге дайынбыз», – деді Алексей Казаковцев.

 

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер