astana-view

Сапа байқауына сырт киім тігетін фабрика қатысады

2018 жылғы 07 Тамыз
- Алматы қаласы
6399 просмотров

Отандық нарыққа «MANERA» сауда белгісі шығарылды

Отандық жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін «Семирамида» компаниясы әрбір адамның өз «MANERA-сы» бар екенін айтады. Алматыда 20 жылдан астам уақыт бойы іскер әйелдердің мінсіз әрі бірегей стилін қалыптастырып отырған компания «Қазақстан үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысады.

«Семирамида» тігін фирмасы 1997 жылы құрылған. Екі жалдан кейін жалға алып отырған 700  шаршы метр аумақта пішу және тігу цехын ашып, 50 жұмыс орнын дайындады. 2001 жылдан бастап қарулы күштерге сырт киім тігу үшін мемлекеттік сатып алу байқауына қатысуды бастады. Бастапқыда тігін жабдықтары жеке қаражат есебінен жаңартылып отырды, кейіннен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, сырт киімді автоматты түрде жобалау үшін америкалық «Гербер» компаниясының технологиясын енгізді.

Бүгінде компанияда 110 адам еңбек етеді. Басшылық та, қызметкерлер де біліктіліктерін арттырып, шет елде тағылымнамадан өтіп тұрады.

Бірнеше жыл бұрын компания отандық нарыққа сырт киімнің MANERA атты жаңа тауарлық маркасын ұсынып, Алматы мен Астанадағы сауда орталықтарында дүкендерін ашты.

Кәсіпорында Германия, Жапония, Қытайдың жоғары технологиялық жабдықтары қойылған кәсіпорын әйелдерге арналған сырт киім және қарулы күштерге арналған киім тігу бағытында жұмыс істейді.

«Семирамида» ЖШС түрлі байқауларда жеңімпаз атанған. «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының да үздігі болған.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық тауардың танымалдалығын арттыратыны анық, онлайн-дауыс беру кезеңі қосылғанын да қолдаймыз. Сонымен қатар байқау жеңімпаздарын бір жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан қалаларындағы билбордтарда тегін жарнамалаумен марапаттаса деген ұсынысымыз бар, бұл жеңімпаз компаниялар үшін ауқымды пиар болар еді, танымалдылықтың артуына да сеп», – деп атап қтті компанияның бас директоры Наталья Ахшабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер