astana-view

Зейнеткерлік алдындағы зейнет

2018 жылғы 22 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5617 просмотров

Жұмыссыздық артта қалды

Шығыс Қазақстан облысы Белоусовка ауданының 58 жасар тұрғыны зейнеткерлік алдында кәсіп ашуды көздеп, «Бизнес-Кеңесші» курсын оқып алды.

Мария Құрбанова бұрын жергілікті байыту фабрикасында жұмыс істеген. Кейін отағасының шешімімен жұмыстан шығып, үй шаруасымен айналысты. Қазір ол өзін кәсіпкерлікте сынап көруде.

2017 жылы оқу курсын тәмамдаған Мария апай «Етті бағыттағы ірі қара малды өсіру» жобасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн теңге көлемінде несие алды. Осы қаражатқа 10 бұқа сатып алды. Ал ұрғашы малды кәсіпкер өз қаражатына сатып алған.

 «Кәсіпке бүкіл отбасы болып жұмылдық. Ұлым жайылым мен шөп шабуға жер алды. Енді шөп шабатын әр мал бағатын жеріміз бар. Жүк машинасын сатып алдық. Енді шабындыққа трактор сатып алу керек», – деді Мария Дүйсембайқызы.

 Шаруашылық территориясында отбасы өз қаражатына шағын база салған. Ол үшін отбасы 500 мыңнан астам теңге жұмсаған.

 «Табыс табуға әлі ерте, қазір қаражаттың бәрі несиені өтеуге жұмсалып жатыр. Бір орында тұрмай, ары қарай кеңею керек», – деді шаруа қожалығының басшысы.

 Мария Дүйсембекқызының мақсаты көп. Уақыт өте келе ет сатуда ірі көтерме және бөлшек саудагерлермен тығыз байланыс орнатқысы келеді. Бұған қоса тері, былғары шикізатын дайындау, сүт пен қымыз өндірісін де қолға алмақ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер