astana-view

Құбыр инновациясы «Қазақстанның үздік тауары» байқауында Қарағандыны танытады

2018 жылғы 23 Тамыз
- Қарағанды облысы
4329 просмотров

Индустриализация бағдарламасын іске қосқалы Қазақстанда заманауи инновациялық өнім шығаратын жоғары технологиялы кәсіпорындар көптеп ашыла бастады. Солардың бірі - «КазПласт»/«Bekem-Plast» компаниялар тобы. Еліміздегі полипропиленнен гофраланған құбыр мен полиэтиленнен ыдыс шығаратын қарағандылық кәсіпорын.

Компаниялар тобы қолданатын заманауи технологияларды әлемде Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Италияда ғана қолданады.

«Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, импортты алмастыру, цифрландыруды енгізу міндетін орындап отырмыз», - дейді компания басшысы Сергей Водько.

«КазПласт» & «Bekem-Plast» компаниялар тобының отандық нарыққа шықанына 7 жыл болды. Осы уақыт аралығында өндірістік қуаты жылына 5 мың тонна құбыр өнімі мен 50 мың тонна полиэтилен өнімін құрайды.

«2011 жылы ірі габаритті полиэтиленді бұйым өндірісінің желісі қосылды. Ал 2013 жылы гофраланған полипропиленді құбыр шығару басталды. Құбырдың қабырғасы екі қабаттан тұрады, беке әрі салмағы аз, тасымалдауға жеңіл, траншеямен қоюға оңай. Өнім тек Қарағандыда емес, елімізге түгел таратылады», - деді «КазПласт» & «Bekem-Plast» бас директоры Сергей Водько.

«ҚазПласт» ЖШС барлық өнімі тағамдық полиэтиленнен жасалады, сапалы, ұзаққа шыдайтын өнімге кепілдік беріледі. Бұл компанияның басты қағидаты саналады. Отандық қамту үлесі 67-82% аралығында.

«Елбасы Қазақстан кәсіпорындарын техникалық жаңғырту әрі жаһандық бәсекелестікті арттыру міндетін қойды. Осы мақсатта біздегі зауыттардың артықшылығы басым, озық технология қолданылады, өнім сапасы жоғары. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі өндіріс болмайды дегенді жоққа шығарып отырмыз», - дейді компания басшысы.

Былтыр «Bekem Plast» ЖШС гофраланған құбырдан миллион метр шығарған. Зауыт қуаты барлық елдің қажеттілігін өтеуге жетеді. Сочи олимпиадасы, «Астана ЭКСПО-2017» құрылысында Қарағанды құбыры қолданылды. 50 жыл кепілдік беріледі. Қазіргі таңда кәсіпорын Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Беларусь нарығына шығып отыр.

Өнеркәсіптен шығарылатын бірегей өнім балалардың ойын алаңы, балабақша секілді әлеуметтік жобаларға жиі қатысады. Компания биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында жеңімпаздар қатарына енді.

«Өзіңе ұнайтын іспен айналысқанда міндетті түрде нәтиже шығады. Сонымен қатар марапатқа да ие боласың. Бұл екі еселенген қуаныш. Бұл менің ғана емес, ұжымның да жетістігі», - дейді «Bekem Plast», «ҚазПласт» компаниялар тобының басшысы Сергей Водько.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер