«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Кәсіпкер «Бастау» арқылы арманын жүзеге асырды

05 Қазан 2018 - Павлодар облысы

«Біреу өз-өзін тауыпты» деп адамдар жиі айтады. Біз өзімізмді таппаймыз, біз өзімізді құрамыз», – деді кәсіпкер Ғалия Идрисова.

Іскер әйелдің мамандығы – маркетолог, бірақ ханымның шығармашылығы басым түсіп, ол сүйікті ісіне бет бұрған. Ғалия Идрисова ауылда тігін цехын ашты.

«Қанша жаста болсаңыз да дәл сол жасыңыз арманыңызды жүзеге асыратын уақыт. Кәсіп түрін түбегейлі өзгертуге ешқашан кеш емес. Оның үстіне қазір бастуыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары бар», – деді бизнес-тренер Алмагүл Ғабдуллина.

 Мәселен, Ғалия Идрисоваға «Бастауға» қатысу өмірін өзгертті. Бұл жоба туралы ол достарынан естіген.

«Бұл жоба туралы естімеске болмас еді, өтйкен ұйымдастырушылар түсінікті тілде жақсы насихат жүргізіп жатыр. Көктебе ауылымзда бағдарламаның үйлестірушілері «Атамекенге» шақыруда, ал палатадан барған адам нақты мақсатпен шығады», – деді кәсіпкер.

 «Бастау» түлегінде берік отбасы: күйеуі, екі қызы мен ұлы, олар толық  қолдау көрсетіп, Ғалия Идрисова «Бастауға» қатысып, жеңілдікпен несие алды. Тігінші өз отбасын мақтан тұтады, балаларға берілген тәрбие өз жемісін беруде. Қыздар жаңа идеяларды ұсынады, күйеуі мен ұлы қолдау мен мақтаудан аянбайды. Өзінің бизнес-жоспарын сәтті қорғаған Ғалия Идрисова «Батау» сертификатын алып, Ауылды қаржылау қолдау қорына жүгінді.

 «Қорда мені жақсы қарсы алды, көмек көрсетті. Білікті мамандарға алғыс білдіргім келеді, олардың қолдауымен тез арада несиені алдым. Осы қаражатқа тігу мен пішуге арналған жабдықты жаңарттым. Осыған орай мен тігентін киім үлгілер жақсара  түсті, қол еңбегі азайды. ал қазақи бұйымдарды жасау – қажырлы еңбекті талап етеді. Қажетті жабдықты алған соң сапа жақсарды, сатылым да артты», – деді кәсіпкер.

 Ғалия Идрисова арманына қарай бір қадам жасады, ол барлық жұмыссыздарға батылдықтан қорықпау керек  деген кеңес береді. Осы бақытта «Бастау» тамаша мүмкіндік.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер