astana-view

«Бастау» арманды орындауға көмектесті

2018 жылғы 27 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы

Мәмлүт қаласының тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқудан өтіп, жеке кондитер цехын ашты.

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мәмлүт шағын қаланың тұрғыны Евгения Коволеваның өмірі 1998 жылы оның отбасы Жезқазғаннан көшкеннен кейін түбегейлі өзгере бастады. Бұл қиын жылдар еді, қалай да өмір сүру керек болды. Анасының құрбысы – Нина тәте Евгенияның бойында сурет салу мен әшекей жасауға деген қабілетті байқады. Нина тәте бойжеткенге өзінің Петропавлдағы кондитерлік цехында балкүлшелерді әсемдеп көруді ұсынды.

 Осылайша талапты Евгения арнайы курстарды бітірмей-ақ, білікті әйелдің жұмысына қарап, кондитерліктің алғышарттарын игерді. Евгения алғаш ана атанғанда үйде кондитерлік кәсіпті қолға алуды шешеді. Міне, одан бері сегіз жыл өтті. Осы уақыт аралығында Евгения аспаздықты жан-жақты игеріп, түрақты клиенттер легін қалыптастырды, оның ішінде балалар бар.

 «Шынымды айтсам, жеке кондитерлік цехты ашуға «Бастау» жобасы түрткі болды. Бұл курстар бизнесті жүргізуде жетіспеген білімді толықтыруға, шағын үй шаруашылығын заңдастыруда күмәнді сейілтуге көмектесті. «Бастау» бизнес-тренері Галина Самойлова екеуміз бизнес-жоспар әзірледік, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат беретін мемлекеттік қызметтермен алдын ала кеңес жүргіздік. Осылайша шілде айында жеке кәсіппен ресми айналыса бастадым», – деді бизнес ханым Евгения Ковалева.                                                                                

Оның туындылары – тәтті балкүлшелер, кекс, пирожныйлар балалар мен ересектер арасында жақсы сұраныста. «Бастау» курстарын оқу мен жеке кәсіпкерлікті ашуға дейін дайын өнімдерді тарату таныстар мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асқан. Енді Евгения қала орталығында орналасқан  «777» мейрамханасының асханасын жалдап отыр, кондитерлік өнімдерді «Фанат» кафесі, «Каприз», «Миг» дүкендерінен де сатып алуға болады.

Қараша айында бастауыш кәсіпкер 100 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грантты алды, бұл қаражатқа цех қа жетіспеген жабдық – өнеркәсіптік және қол миксерлері алынды. Евгения гонконг вафлилерін әзірлейтін аппаратты сатып алу, өңірдегі жетекші аспаздардың курсын тәмамдап, «Өнімдерді дайындау технологиясы» мамандығы бойынша  колледжді тәмамдауды жоспарлап отыр.

 Евгенияның барлық бастамаларын жолдасы Сергей қолдап отыр. Ер азамат мектепте мұғалім. Бос уақытында әйеліне көмектесіп, дайын өнімді клиенттерге жеткізумен айналысады. Осындай көмек арқылы бастауыш кәсіпкер жеке кәсіппен айналысу, үлгілі келін, қамқор ана, табысты кәсіпкер болып бәрін үлгеріп отыр.                                                                                                

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер