«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Бастау» түлегі туған ауылында балаларды дамыту студиясын ашты

29 Қаңтар 2019 - Солтүстік Қазақстан облысы

СҚО Жамбыл облысының тұрғыны, «Бастау» жобасының түлегі Гүлмира Шамекешева туған ауылында балаларды дамыту орталығын ашуды жоспарлады.

«Біріншіден, меніңше барлық армандарымыз балалық шамығымыз арқылы орындалады. Мен шағын ауылдан шыққанмын. Жақсы ұстаздарым болды, бірақ кейде мұхитқа сүңгу, ғарышқа ұшу, күн жүйесін зерттеу сынды әсерлер керек болды. Балалардың бойында шығармашылық әлеуетті және тұлғалық қырларын ашу арқылы осындай әсерге бөлену үшін менде бүгін идеяларды жүзеге асыратын студиям бар. Екіншіден, бұл бірінші қадам, тәжірибе жасаудың іргетасы, нарықты зерттеудің мүмкіндігі. Бұл бірінші студия ғана, олардың бірнеше болуын қалаймын», – дейді Гүлмира Шамекешева.

 Кәсіпкер «Бастау» жобасы жайында СҚО Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалынан естіген. Курс тыңдаушылары бизнес негіздерін, менеджмент және маркетингті меңгерген. Жоба бюджетін есептеуді үйренді, жеке өнімдерін ұсынуда пайдалы машықтарды игерді. Курсты толық оқып шыққан соң Гүлмира Шамекешева байқауға қатысып, грант ұтып алды. Қайтарымсыз негізде алынған 240 мың теңгеге жас кәсіпкер жабдық алуға жұмсады.

«Бастау» жобасы – көптеген жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жақсы мүмкіндік. Олар оқу оқып, кәсіп ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге жеңілдікпен несие ала алады. Грант алуға болады. Мұнда бастысы қаражатты мақсатты жұмсау, бизнесті жүргізу керек – деді СҚО ӨКП филиалының директоры Олжас Әбілмәжінов.

 Қазіргі таңда балаларды екі топқа жинау жүріп жатыр. Сабақты жалғастыру тобында бастауыш сынып оқушылары үй жұмысын орындап, жаңа тақырыптарды бекітеді, шығармашылық және қолөнермен айналысады. Жуырда орталықта адам, жануарлар және динозаврлар құрылымын зерттеу, қазба жұмыстарын жүргізу, күн жүйесін зерттеу бөлімі ашылады. Жамбыл ауданында 2018 жылы «Бастау» жобасына 152 адам қатысты.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер