«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Менің Атамекенім»: Жақсылық жасауға асығайық

25 Ақпан 2019 - Астана қаласы
950 просмотров

«Менің Атамекенім» жобасы аясында астаналық бизнес ханым көпбалалы аналарға көмектесті

 atamekenim.kz сайтына Мария Передерийден көмек туралы өтінім келіп түсті. Әйел бес баласын жалғыз өзі өсіріп жатыр. Баланың кішісіне бірнеше ай ғана толған. Мария пәтер жалдайды, бірақ жалдау мерзімі жазда аяқталады, сондықтан көпбалалы ана пәтер мәселесін шешу бойынша көмек сұрайды. Отбасының қиын қаржылық жағдайын ескере отырып, жас ана жанашыр адамдардың кез келген қолдауына қуанатынын айтады.

Екінші өтініш Болдықыз Мырзаевадан келді, ол да екі қызын жалғыз асырап, пәтер жалдап отырған ана. Баласының біреуінде мүгедектігі бар (Нуно синдромы), әйел пәтер жалдау мен тамаққа деген қаражатты өзі табуға мәжбүр.  

Көпбалалы аналардың мәселесін шешуде астаналық бизнес ханым көмек көрсетті бірақ, өз атын айтпауды сұрады. Кәсіпкер екі отбасыға да бір айға жететін азық-түлік әкеп берді.

 «Менің Атамекенім» жобасы туралы телебағдарламадан естіп, шын мәнінде қамқорлыққа зәру болып отырған адамдарға көмектескім келді. Пәтер алып беруге әзірге мүмкіндігім жоқ, бірақ, ай сайын көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесіп отыруға дайынмын. Мен кәсіпкер-әріптестерім арасында жоба туралы айтып, оларды көмек қолын созуға үндейтін боламын», – деді бизнес ханым.

 Айта кетелік, алдағы күндері астаналық бизнесмен Жандар Садықов көмек беруге бірінші атсалып, Астанада көп жылдар бойы шағын бөлмеде тұрып келген   көпбалалы отбасына пәтер алып берді. Кәсіпкер «Менің Атамекенiм» жобасының амбассадоры атанды.

 Осыған дейін кәсіпкерлер церебралды сал ауруына шалдыққан тоғыз жасар Камиллаға көмектескені хабарланған болатын.

Жақсылық идеясын жас кәсіпкер Арслан Дарим де қолдады.

  «Менің Атамекенім» жобасы әлеуметтік жобаларды жүйелі шешуге бағытталған. atamekenim.kz порталында көмекке мұқтаж жандар «Маған көмек керек» бөлімінде өтінім қалдыра алады, ал көмек қолын созуға дайын адамдар «Көмек беру» бөліміне өтіп, қолдау көрсете алады. Порталда қолданушылардың ыңғайлылығына арнап, WhatsAp нөмірі: +77763337766 қосылған. Қосымша сұрақ болса, байланыс қызметіне хабарласуға болады:  1432.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер