astana-view

Алматыда «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық  байқауының бірінші кезеңі басталды

2019 жылғы 09 Сәуір
- Алматы қаласы
7405 просмотров

Алматылық дизайнерлер «ALTYN OIMAQ» байқауына  бақ сынамақ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,  Әйелдердің кәсіпкерлікті қолдау қоры және Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесі – «ALTYN OIMAQ» байқауының ұйымдастырушылары шығармашыл жастар арасынан жас дизайнерлердің кездесуін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің базасында өтті. Шара барысында студенттер қазылар алқасына өз коллекцияларын ұсынып, қосымша кеңестер алды.

Танымал дизайнерлер Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Айнұр Тұрысбек пен Ольга Ким жас буын өкілдеріне  әлемдік сән трендтерін, ұлттық элементтерді киімде қолданудың маңыздылығын, Қазақстаннан тыс жерлерге таныс көшпенділер стилі туралы кең көлемде айтып түсіндіріп өтті.

«Дәстүрді айту қашанда қызықты әрі тиімді. Бұл дәлме-дәлділікті беретін дүние. Біздің міндетіміз дәстүрді анық түрде жеткізу. Біз неономад туралы айтамыз, неономад дегеніміз кімдер? Бұ еркін адамдар. «Хай энд» атты жаңа бағыт бар, бұл жүйе 2007 жылы Парижде құрылған, бұл жүйеге бүкіл концепт – Едзи Ямамото, «бельгиялық алтылық» және т.б. дизайнерлер кірді. Біз олармен алты жыл бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Бұл өте маңызды, өйткені, дәстүрді құра отырып, біз патриотизмді көтере аламыз, қайдан шыққанымызды ұмытпаймыз, өз тамырымызды білетін боламыз. Біз бұл бәсекеге қабілетті бола аламыз. Сонымен қатар, өз мазмұндылығымызды көрсете аламыз. Мемлекеттің бұл салаға аса назар аударғаны өте қуантты, өйткені сән әлемі жоғарғы деңгейлі институт, соның арқасында экономиканың барлық басқа салалары – туризм, жеңіл өнеркәсіп және т. б. дамитын болады. Өз кезегінде, біз сізді барынша қолдауға дайынбыз», – деп сөзін қорытындылаған дизайнер Айнұр Тұрысбек,  жастарды байқауға қатысуға шақырды.

 

«ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы жас дизайнерлерге танылуға үлкен мүмкіндік сыйлайды. Алты лауреаттың әрқайсысы 1 млн теңге көлемінде жүлде алатын болады. Байқау өткізу мамандардың жаңа буынын анықтауға және бәсекеге қабілетті жаңа брендтерді құруға мүмкіндік береді. Кәсіпқойларға өткізілген бұл байқау өз брендін ілгерілетуге және қолда бар бизнесті кең көлемде насихаттауға жол ашады.

Байқаудың мақсаты отандық сәнді индустрияны дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау, жаңа атаулар мен брендтерді ашу және қолдау, өндірістік кәсіпорындарды дизайнерлермен біріктіру.

Байқау үш кезең бойынша өтеді:

1) бірінші кезең – екі бағытта жүргізіледі, олар өтінімдерді қабылдау және іріктеу: 4 наурыздан бастап 15 мамырға дейін және 10 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейінгі аралықта; әр кезеңнің қорытындысы бойынша комиссия байқау лауреаттары атағына 6 үміткерді іріктейді;

2) екінші кезең – 12 үміткерді қоғамдық онлайн дауыс беруге ұсыну және оның нәтижелері бойынша 6 байқау лауреатын бекіту;

3) үшінші кезең – қазылар алқасының бас жүлдесін  алу үшін алты жеңімпаздың ішінен бір жеңімпазды анықтайды.

Байқау ағымдағы жылдың желтоқсан айында лауреаттарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталады.

Қатысушылар алты аталымның біреуі немесе екеуіне қатыса алады. Олар:

1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;

2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;

3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;

4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;

5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

Толық ақпаратты алу және өтініш беру сайта толығымен көрсетілген https://altynoimaq.fundwomen.kz/

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер