astana-view

ALTYN OIMAQ қатысушылары: Виктория Сұлтанова және оның әшекейлері

2019 жылғы 09 Сәуір
2179 просмотров

Виктория Султанова, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Славян мәдени орталығының Аналар кеңесінің басшысы,  Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі

- Мамандығым бойынша есепшімін, жас кезімде әуестенген майда моншақпен тоқу осындай маңызды іске айналады деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. 2010 жылы ұлым сырқаттанып қалып, ұзақ уақыт емдейтін дәрігер іздеп, соңында Алматыдан таптық. Сол жерде алғаш рет қолөнершілер аллеясын көрдім, ол кезде көбі Өзбекстаннан келгендер болатын. Мен де күш-жігерімді жинап, бағымды сынап көруге бел будым. Жылына екі рет баламның емін қабылдауға келіп жүргенде, көрмелерге қатыса бастадым. Бастапқыда жұмыстарымды ермек үшін жасап жүрдім, интернеттен үйренетінмін. Қазір тақырыбы қызықты болса, ақылы түрлі онлайн-курстарға жазыламын.

Көркемөнер бойынша алған арнайы білімім, дипломым жоқ, «Жүргеновты» бітірмедім, бірақ алға жүру, үйрену қойған мақсатым. Түрлі техниканы қолданып көрдім, киізден, теріден де жасадым. Бүгінде танымал суретші Беспалова Галинадан «холодный батик» бойынша дәріс алып жүрмін.

Өз жеке шеберханам, кеңсем болса деймін. Тауар белгісіне салғаным дұрыс бағытталса, ісімді ұлыма қалдырсам деп ойлаймын. Қолөнердің маңызын түсінсе деп үміттенемін. Қазір тауар белгісін растайтын алдын ала құжаттар келді. 

Ауқымды бір іске жарты жылдай уақытым кетеді, идеялар ауадан туып жатқандай болады. Басыма бір ой келе қалса, дереу қағазға түсіремін. Дәл қазір сәукеле жасап жатырмын, бастағалы екі жыл болды. Сүйікті ісіңмен айналыссаң, міндетті түрде бәрі оңынан туады. Менің қмірлік ұстанымым: кішкентай қадаммен болса да, алға жүру. Жүре алмасаң, еңбектеп алға жылжы!  Алғашында мақсат басқа болған, қазір өзгерді.

«Altyn Oimaq» байқауы не үшін қажет? Ешқандай қиындыққа қарамастан, өз ісін сүйетін, арманына, мақсатына келе жатқан жандарды бір-бірімен таныстырып, мүмкіндігінше бастарын қосу. Қазақстандық дизайнерлер танымал болулары тиіс.

«Қазақстанның үздік тауары» байқуына қатысып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болдым. Қазір Павлодарда бірнеше қолөнершілердің басын қосып, оқытып жатырмын. Өнімдерін дамытуға көмектесемін. Тігіншілікпен айналысқысы келетіндер өте көп, ал қолөнершілікке аз, өйткені бұл қымбат. Қолданылатын материалдар, шикізаттардың бағасы қымбат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер