astana-view

ALTYN OIMAQ байқауына қатысуға мектеп оқушылары да ынта танытуда

2019 жылғы 24 Сәуір
2455 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастырған байқауға жергілікті дизайнерлермен қатар мектеп оқушылары да қатысуға ынта танытты

ALTYN OIMAQ киім дизайнерлерінің ұлттық байқауының ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебіне барып, байқау шарттары туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Байқауға қатысуға дизайнерлермен қатар колледж студенттері мен мектеп оқушылары да өтінім беріп жатыр. Бұл жақсы тенденция, өйткені жастардан жақсы идеялар мен қызықты дүниелер шығады.  Қатысушылардың өтімдерін, жұмыстарын қараймыз, олардың әзірлемелері білікті дизайнерлердің бұйымдарынан еш кем түспейді. Олар әзірлеген киім-кешектер ерекше және mass-market сегментіне кіреді», – деді «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының директоры Әдия Түгел.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына байқау туралы ақпарат беріліп, бірнеше сыйлық ойнатылды. Бастысы – дизайнерлікті енді қолға алған жастарға коллаборация деген не және custom-брендтен қалай жұмыс бастау керектігі айтылды.

 Байқау шарттары қарапайым. Бірінші 2 кезеңді өтімдерді қабылдау – 4 наурыздан 15 мамырға дейін және 10 маусымнан 15 қыркүйекке дейін жүреді. Алты аталым бар: «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»; «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;  «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;  «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;  «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны». Әлеуетті тапсырыс берушілерден тұратын байқау комиссиясы әр аталым бойынша 2 үміткерден таңдайды. Жеңімпаздарды ары қарай халық онлайн дауыс беріп, анықтайды.

 Байқауға өтінімдерді www.fundwomen.kz сайтына беруге болады. Форум бағдарламасы, тіркелу, ашық шеберлік сабақтар, воркшоптар туралы ақпарат Байқаудың ресми парақшалары мен atameken.kz және  www.fundwomen.kz сайттарынан білуге болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер