«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Бастау» арқылы ауыл тұрғыны көптен бергі арманын жүзеге асырды

03 Мамыр 2019 - Қарағанды облысы

Армандар орындалады. Биылғы жыл Нұра ауданы Нұра ауылының тұрғыны Жеңісгүл Бекішева үшін өнімді болды. Ол өзінің арманы – жеке құймақ пісіру орталығын ашты. Ол 20 жыл бойы бухгалтер болып жұмыс істеп, аспаз болуды армандап келген

 «Арманға сену керек және оған жету жолында жұмыс істеу керек», – дейді кейіпкер.

 Жеңісгүлдің табыс тағылымы қарапайым. Келіншек «Бастау» курсына қатысты. Оқу бір айға созылды, бизнес тренер Ержан Жақыпов кәсіпкерлік негіздеріне оқытты, бизнес-жоспар құруды үйретті және бизнес-жобаны жүзеге асыру бойынша жеке консультациялар өткізді.

 Осыған дейін Жеңісгүл қарапайым бухгалтер болған, үй шаруасымен айланысып, күйеуімен бірге екі бала өсіріп, жеке кәсіп туралы армандаған. Ал «Бастау» жобасына сенімді оғанқұрбысы сыйлаған, осыған дейін құрбысы «Бастау» жобасы арқылы ауылда химиялық тазалау қызметін ашқан.

 «Мен құймақ пісіру қызметі туралы 90-шы жалдардан бастап армандағам. Ол уақытта жұмыс болмай, үйде отырып, нан-тоқаш пісіретін едік. Кейін бәрі реттелді, жұмыс, үй, күйеу, балалар. Балаларды өсірдік, оқыттық, қызымызды ұзаттық, ұлды әскерге жібердік. Енді арманды жүзеге асыратын сәт келді, оған «Бастау» көмек болды. Менде жеке орынжай болды, оны 2008 жылы сатып алып, жалға беріп қойғанбыз», – деп әңгімеледі кәсіпкер.

 Жеңісгүл кәсіпті бастауға несие аламын деп жоспарлаған. Бірақ барлық банктерді аралап шыққан ол, қымбат талаптарды байқап, райынан қайтты. Кәсіпкерге үлкен мөлшерлемемен несие төлеу тиімсіз болды. «Бастау» жобасы ұсынған мүмкіндіктер мен артықшылықтар арқылы Жеңісгүл Бекішева грантқа өтінім беріп, 500 мың теңге көлемінде  әкім грантының және «Эко Центрдің» 1 200 000 теңге көлеміндегі грантының иегері атанды. Ос қаражатқа кәсіпкер қажетті жабдық: ауқымды қуатты пеш, құймақ аппаратын, жуғыш, тоңазытқыш және басқа да мүкәммал сатып алды.  

 Мұндай көмек мемлекеттің кәсіпкерлерге жасап отырған жақсы демеуі. Осындай көмек алып, мен арманымды орындадым. Клиенттерімнің күлімдеуі бизнесіме энергия сыйлайды», – дейді кәсіпкер.

 Өз арманын Жеңісгүл Бекішева «Ақ шуақ» деп атады. Бүгінде құймақ пісіру орталығы Нұра ауылының орталығында орналасқан, ашылғаннан кейін бірнеше күн ішінде тұрғындардың сүйікті орнына айналды.

 Мұнда ауыл тұрғындарына арнап құймақтар, бәліш, тоқаш, шәй түрлері, кофе және басқада дәмділер ұсынылуда. Сонымен қатар тапсырыстар қабылданады.

 Қарағанды облысы ӨКП Нұра филиалы бизнес-тренері Ержан Жақыповтың мәліметтері бойынша, былтыр «Бастау» жобасымен 218 адам оқып, 119 адам жобаларын сәтті қорғап шықты.

 «Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына қатысты: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы. 64 адам Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие, гранттар алды. Несиелер 1-6 млн теңге аралығында болды. 2017 жылмен салыстырғанда «Бастау» жобасына қатысу 46%-ға артқан. Биыл бірінші лекте 31 адам оқып шықты, оның ішінде 5 адам көп балалы ата-ана», – деді бизнес-тренер.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Серіктестер