«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Ынталандыру, үйрету және сүйемелдеу: «Бастау» жобасының бизнес-тренерлері өз жұмыстары туралы

30 Мамыр 2019

«Бастау» жобасы іске қосылғаннан бері үші жыл ішінде –   43 345 тыңдаушы, еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 11 006 кәсіпкер, бұл сандар нені білдереді? Қазақстандық кәсіпкерліктің жаңа тарихын қалыптастырушылар – бизнес-тренерлер «Бастау» жобасы адамдардың өмірін қалай өзгертетіні жайында айтып берді.

 

 


Қасимова Меруерт: «Бизнес-тренер» – үздіксіз ұғым»


 

–Мен 2017 жылдан бастап бір ауданда жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралығында 458-ден астам адам оқып шықты. Маған өзімнің физикалық тұрғыда бір жерде болуыма қатысты идеяның өзі ұнайды. Түлектерімнің барлығы көз алдымда. Олардың тағдырлары өзгеріп жатқаным білемін, байқап жатырмын. Әсіресе, белгілі бір себептермен несие алып, кәсіп ашуға батылы жетпегендер екі жылдан соң кәсіпті сәтті бастағандарға қарап, жеке бизнесі туралы ойлана бастайды, сосын бізге келіп, кәсіп ашады. Кейде әлеуеті жоғары түлектерге несие берілмей қалады. Сол уақытта ситуацияны өз қолымызға аламыз да адамды қаржы институттары алдында қорғаймыз. Өйткені біз үміткердің әлеуетін оларды артық білеміз.


Бадеева Зульфия: «Кәсіпкер мүлде басқа психологияға ие»


 

–Бизнеспен айналысу үшін өзіңнің сана деңгейіңді өзгерту керек. Кәсіпкерлік психологиясын зерттегенімізде, мен кәсіпкерлер мүлде басқаша ойлайтынын түсіндіремін. Әр кезде барлық жерден мәселе, кедергіні емес, мүмкіндікті көру, қолдағы бар құралдармен жұмыс істеуді байқап отыру керек. Қаржыландыру да тура солай, кейбір адамдарға сома аз болып көрінеді, ал кейбір жандарға ол өзгеріс жасауға жеткілікті. Идеяға ие адамдардың тіпті сыртқы келбеті, жүріс-тұрысы өзгереді. Бір оқиғаны айтып берсем, мен жетекшілік еткен топта «Бастау» жобасына кездейсоқ келген бір қыз оқыды. Ол несие алуды жоспарламаған еді. Бір жыл ішінде оның үй жағдайында маникюр бойынша қызмет көрсету бизнесінен ол орталықтан орынжайды жалға ала бастап, клиенттер базасын ұлғайтты. Осылайша қарапайым келіншектен, өзіне сенімді бизнес ханымға айналды.

  


Сейітжаппарова Гүлнара: «Кейде жай ғана білім жетпейді»


 

– Бүгінде «Бастау» жобасы жобалардың ішіндегі ең тиімдісі. Біріншіден, әрине, ол уақыт. 20 күн – бизнесті жүргізудің базалық негіздерін меңгерңіп алуға, саланы таңдау және ары қарай қажетті бағытта әрекет етуге жеткілікті уақыт. Екіншіден, білім. Білім алу әсіресе ауыл тұрғындары үшін маңызды, өйткені ауыл-аймаққа мемлекеттік қолдау шаралары, ауылда жеке кәсіпті бастауға арналған гранттар туралы ақпарат жете бермейді. Мүмкіндіктер бар, бастысы оларды қолдану керек. Кейде бастау үшін, өз күшіңді сынау үшін, бүкіл жауапкершілікті түсініп, әрекет ету үшін 100 АЕК көлемінде несие алу жеткілікті.


Бекмұрзаева Ақмарал: «Бізде базалық білім және өмір тәжірибесі бойынша әртараптандыру жоқ»  


 

- Әр жаңа лек алдыңғы лектен өзгерек болады. Кезекті топты жинап алғанда, бізде базалық білім және өмірлік тәжірибе, тіпті гендерлік ерекшелік бойынша әртараптандыру жоқ. Ер адамдар ма, жоқ, әлде әйелдер көп пе, нақты айту мүмкін емес. Бізге әр түрлі адамдар келеді. Бірақ осындай сан алуандықтың өзінде көңілімнен шыққан жобаларды дәл қазір айта аламын. Бұл түрлі деңгейде мүгедектіктері бар екі бастауыш кәсіпкер. Олардың бірі – көру қабілетінен мүлдем айырылған жан полимерлі қалдықтарды өңдеумен сәтті айналысып отыр, тіпті өндірісті кеңейтуді көздеген.  Сонымен қатар ол полимерлі тротуар тақтасын шығармақ. Екінші жас жігіт арбаға танылған, ол қоян өсіреді, оның да бизнес дамып жатыр. Осындай жобаларды жүзеге асырған соң мен тренер ретінде қызметімнің маңызын сезінемін. Біз бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Ал оны кім қалай пайдаланып жатыр, ол бөлек әңгіме.

 


Серік Біржан: «Өңірлерді салыстыруға болмайды» 


 

–Әр өңір өзінше бірегей, оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Біріншіден, бір жерде кәсіпкерлік белсенді дамыды, екінші жақта ондай көрініс болған жоқ. Сол сияқты Алматы облысы, қазақстандық ірі компаниялардың барлығы дерлік Алматы қаласының төңірегінде екені жасырын емес. Бұл әлеует Алматы облысына да оң әсер етті, онда кәсіпкерлік белсенділік өте жоғары. Мәселен, Ақмола облысы енді ғана серпін алып жатыр, қазірдің өзінде жақсы өзгерістер бар. Екіншіден, әлеуетті ескерген жөн. Егер бір өңірде қызмет көрсету саласы дамыған болса, онда кейбір өңірлерде агроөнеркәсіп кешені дамуына екпін қойылған. Әрине, көп нәрсе адамның өзіне байланысты, ол өзі, өз кәсібі үшін, мемлекеттен алған қаражат үшін жауапкершілікті өзіне алуға қаншалықты дайын. Оның үстінде ауылда кәсіп ашудың қалалық жерге қарағанда тәуекелі көп. Сондықтан мен мұндай кісілерге тәнтімін.

 


Жұмағұлов Ермек: «Кәсіпкерлік қасаң шеңберден шығып жатыр»


 

­– Егер алғашқы жылдары басымдық мал шаруашылығына берілсе, бүгінде тенденциялар өзгеріп жатыр. Адамдар қызмет көрсету саласын дамыту керектігін түсінуде. Сондықтан, біз – тренерлер материалды дайындауда осы саланы тереңірек түсіндіруге тырысамыз. Өңірде қандай кәсіпорындар жетіспейді, қандай қызметтер саны тапшы екенін айтып, тыңдаушыларға осы салаларда жұмыс істеуді ұсынамыз. Осы ретте барлық үміткерлердің бизнес-жоспарлары бірдей болмауын қадағалау қажет. Өңірді барынша қамту қажет.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Серіктестер