«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Салық және Кеден кодекстері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және Кеден кодекстерін біріктіру жөнінде жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде Е.А.Досаевтың басшылығымен, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік іс туралы» және «Салық салу және кедендік іс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды.

Аталған жұмысшы тобының құрамына Ұлттық палатадан басқарма төрағасының орынбасарлары, сондай-ақ, үш Қауымдастықтың  (ҚСҚ, KAZENERGY және ТМКҚ) бірінші басшылары кірді.

Сонымен бірге, ұсыныстар әзірлеу және оларды бизнес-қоғамдастықпен  талқылау үшін Ұлттық палата төрағасының 28.01.2016 жылғы №6 бұйрығымен (қоса беріледі) Ұлттық палата жанынан жұмысшы тобы құрылған, оған Қауымдастықтар (Одақтар) мен бизнес-қоғамдастық өкілдері мүше болып табылады.

Салық мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі – басқарма төрағасының орынбасары Р.М.Жүрсінов, кеден мәселелері бойынша – басқарма төрағасының орынбасары м.а. Д.Б.Жүнісова.

Осыған орай, Салық және Кеден кодекстерін біріктіруге (әзірлеуге) қатысты мәселелерді талқылауды Ұлттық палата өзінің жанынан құрылған жұмысшы тобының шеңберінде жүргізеді.

ҚР ҰКП-ның негізгі мақсаттары:

  1. Салық жүктемелерін әділетті экономикалық бөлу және тұрақтылық;
  2. Салық салу қағидаттарының міндеттілігін, айқындылығын, әділеттілігін сақтау;
  3. Ұлттық экономиканың және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі;
  4. Экономиканың басым және стратегиялық секторларында өнімділік өсімін және инвестицияларды ынталандыру;
  5. Шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, әрбір бизнесті өсімге ынталандыру және  ірілендіру;
  6. Экономиканың ұлттық валютаға бағдарлылығы;
  7. Салық салу тиімділігін көтеру;
  8. Салық салу базасын «көлеңкелі айналымнан» шығару;
  9. Салық төлеушілерді салықтық сауаттылықты және салық міндеттемелерінің қарапайымдығын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтердің тиісті деңгейімен қамтамасыз ету.

 

Салық салуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлер мына телефондар бойынша:  8/7172/ 919-338 Ұлттық палатаның Салық салу департаментінің төмендегі мамандарына жүгіне алады:

  • Жанболатова Жеңіс Сайлаубекқызы –Департамент директоры
  • Мұсабаев Жанат Болатбекұлы –Департамент  директорының орынбасары
  • Осипова Эльмира Бабахановна – сарапшы. 

 

ҚР ҰКП жанынан құрылған жұмысшы тобы 28.01.2016 ж. №6   

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген, біріктірілген Салық және Кеден кодекстері жобаларының 22.02.2016 ж. тұжырымдамасы

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның 22.02.2016 ж. біріктірілген Салық және Кеден кодекстері жобаларының тұжырымдамасына қатысты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 02.03.2016 жылы жіберілген ескертпелері

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның арнайы салықтық режімдерді реформалау және сатудан алынатын салықты енгізу бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 10.03.2016 жылы жіберілген есептеулері мен ұсыныстары

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ҚҚС-ны сатудан алынатын салыққа (СаС) ауыстыру жөніндегі 16.03.2016 жылғы ұсынысы

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің арнайы салықтық режімдерді реформалау және әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемақыларды жетілдіру бойынша 28.03.2016 жылғы ұсыныстары

Серіктестер