Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Метеорология және есептеу кластері (суперкомпьютера) бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізу және бейімдеу» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды.

МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңдық және басқа қажетті параметрлері бойынша ұтымды шешімдерді қалыптастыру үшін ұсыныстар берудің соңғы мерзімі 2016 жылдың 20 шілдесіне дейін, уәкілетті тұлғаның байланыс мәліметтері:

Бапиев Азамат Болатұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы, телефоны: 78-69-30, электронды адресі: a.bapiev@energo.gov.kz.

Рақыш Айдар Сағынтайұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Экологиялық мониторинг басқармасының бас сарапшысы, телефоны: 74-08-90, электронды адресі: a.rakysh@energo.gov.kz.

МЖӘ тетіктерін пайдаланумен жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, орынбор 11/1 мекен-жайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК базасында жоспарланады, толық ақпарат үшін 8 (7172) 79-83-13, 8-701-752-76-01 телефондарына хабарласуға болады.

«Метеорология және есептеу кластері (суперкомпьютера) бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізу және бейімдеу» жобасы бойынша қажетті минимальды параметрлер

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Transport tower» әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі - Жоба) әлеуетті жекеше әріптеспен бастамашылық еткенін хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері және бюджеттен сұралатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен тұжырымдамаға сәйкес):

Жарықтандыру аспаптарындағы люминистценттік светодиодтыларғы шамдарды ауыстыруды, люминистценттік кәдеге жаратуды және 6 жыл мерзімді құрайтын жарықтандыру бөлігінде ғимаратқа қызмет көрсетуді қосатын «Transport tower» әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану. Жобаны жүзеге асырудың бүкiл кезеңiндегі мемлекеттік міндеттемелердің жиынтықты сұранылатын болжамды құны - 90 991 047 теңге. Орналасқан жері – Қазақстан Республикасы 010000 Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1.

Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары:

Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.

Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы баламалы ұсынысты өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып ұсынады, оның ішінде:

  • әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекенжайы;
  • мемлекет тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
  • заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректер;
  • немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттар.

Қызығушылық білдіру өтінішін ұсыну орны, күні және уақыты:

Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдірген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға қажетті құжаттарды 2016 жылғы «13» тамыздан кешіктірмей мына мекенжай бойынша ұсыну керек: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1921 кабинеті, тел. +7 (7172) 75 46 03.

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС «Мемлекеттік телерадиоарналардың басты технологиялық алаңын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы дайындығының басталғаны туралы жариялайды.

МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңды және басқа қажетті параметрлері бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру үшін  конкурстық ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімі - 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін, уәкілетті байланыс тұлғаның деректері: «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің Бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Мадраимов Ғалым Ерланұлы, (телефон: 55-39-77, 55-35-98, электрондық мекен-жайы: priemnaya@kmo.kz)

Жобаның мақсаты

Технологиялық кешенінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жүйенің жұмысында туындайтын ақауларды барынша қысқа мерзімде жою.

Медиа-деректердің сақталуын қамтамасыз ету, бағдарламалық жедел қоймалардың көлемін, жаңалықтар және мұрағат кешендердің өнімділігін арттыру, сондай-ақ жоғары нақтылықтағы өндірістік пішімдерді қолдау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

Эфирдің техникалық сапасын жоғарылату, инжест аппаратханаларының функционалдық мүмкіндіктерін және өнімділігін ұлғайту, монтаждау және сапасын бақылау.

Телевизиялық бағдарламалар, сериалдар және кинофильмдер  түсірілімі кезінде, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті контентін құру.

Жобаның сипаттамасы

Кешеннің технологиялық жүйелерін дамыту және жаңғырту тұжырымдамасы келесі белгілерден қалыптасты.

1. Кешеннің технологиялық жүйелерін пайдалану барысында келесі фактілер анықталды:

- жобалау кезінде бұл кешен базалық аппараттық-бағдарламалық құралдары жиынтығымен жабдықталған. Қазмедиа орталығында орналасқан телеарналар  өздерінің ерекше хабар тарату форматы бар (жаңалықтар, ойын-сауық, танымдық және т.б.).

Нәтижесінде, Қазмедиа орталығы алдында кешеннің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және күшейту бойынша мәселе туындады. Осы мәселеге сигналды цифрлеу жүйесі және медиа деректердің инжесті, медиа деректерді (контент) жедел және ұзақ мерзімді сақтау жүйесі, эфирді графикалық ресімдеу жүйесі және т. б. кіреді;

  • телеарналар үшін трансляцияның жұмыс кестесін жоспарлау жүйесі қарастырылмаған;
  • клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі қарастырылмаған;
  • медиа-деректердің сапасын бақылау барысын автоматтандыру жүйесі қарастырылмаған. Қазіргі уақытта телеарналардың қызметкерлері сапаны визулдық бақылау арқылы деректер ұзақтығына тең уақытты жоғалтуда;
  • Dalet жаңалықтарды хабар таратуды автоматтандыру жүйесін резервтеуі қарастырылмаған;
  • бағдарламалар өндірісінің студиялары үшін шоу-жарық қарастырылмаған;
  • Pharos Mediator автоматтандырылған эфирлік хабар тарату орнатылған  жүйесінің  кемшіліктері анықталды,  атап айтқанда  жүйесінің «жабықтығы», оның кезінде барлық деңгейлері өзі ғана өндірушімен техникалық қолдауы көрсетіледі;
  • трекинг жүйесін ауыстыру қажеттілігіне байланысты виртуалдық студия толық жұмыс жасамайды;
  • бағдарламалар мен жаңалықтарды жасау кезінде технологиялық үдерістерді оңтайландыру;
  • киноконцерттік кешенді жаңғырту;
  • радиокешенді жаңғырту.

2. Жабдықтардың табиғи тозуы.

Қолда бар құрал-жабдықтар 2011 жылда орнатылды, 2012 жылдың басында пайдалануға енгізілді, сәйкесінше 2017 жылда жабдықтар 6 жыл жұмыс жасайтын болады,  бұл ретте қазіргі заманғы бағдарламалық-аппараттық жүйелердің қоры шамамен 5 жылдан аспайды.

3. Кешенді дамыту бағыттарын стратегиялық жоспарлау.

Шығармашылық және экономикалық (бизнес) міндеттерді шешу мақсатында мынадай жүйелер енгізу қажеттігі туындайды:

- бағдарламаларды, жаңалықтар мен киноны ұсыну үшін бұлтты қызметтерді ұсынуға арналған жүйелер;

- медиа деректерді кросс платформаға тарату үшін ОТТ платформа;

- энерго шығындарды төмендету үшін жарықдиодты аспаптарды шамды аспаптарға ауыстыру;

- хромокей;

- Dolby Surround форматында дыбысты өңдеу және дубляж студиясы;

- киноөндіріс, камералар, объективтер, жарықтарды қоса алғанда;

- киноиндустрия үшін пост-продакшн.

Болжалды іс-шаралар

Сапалы қызметтерді келесі бағыттар бойынша ұсыну:

- шоу бағдарламалар, бейнеклиптерді, фильмдер мен сериалдарды түсіруге арналған түсірілім павильондары;

- телевизия және киноның өндірісіне арналған пост-продакшнның толық циклі;

- Dolby Surround форматында бейне монтаж, аудио дубляж, және өңдеу;

- дыбыс жазу студиялары;

- бағдарламаларды, жаңалықтарды өндіру үшін бұлтты қызметтерді ұсыну және эфирлік хабар таратуды ұйымдастыру;

- киноконцерттік кешенінде ойын-сауық іс-шаралар, концерттер, балалар мерекесін, КВН, іскерлік іс-шаралар, конференциялар, брифингтер, пресс-конференциялар, презентациялар, форумдар өткізу, фильмдер көрсету, премьері, жабық көрсетілім өткізу;

- медиа-қасбеттерде бейнероликтерді трансляциялау, оқиға орнынан тікелей трансляциялар;

- конференц-залдар мен көрме холлдарында оқу іс-шараларын, семинарларды, тренингтерді, конференцияларды, іскерлік іс-шараларды, брифингтерді, пресс-конференцияларды, презентацияларды, fashion жобаларды, фотосессияларды, бейнетүсірілімдерді, жәрмеңкелерді, көрмелерді жүргізу.

Болжамды нәтижелер

Жоғары тиімділіктегі жабдықтарды, инновациялық технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманғы және озық автоматтандыру жүйелерін енгізу үздіксіз хабар таратуды, сапалы өндірісті қамтамасыз етеді, «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС медия жабдықтарын пайдалану кезінде ақауларды төмендетеді.

«Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 1-қосымшасының 12-тармағына сәйкес «Қазмедиа орталығы» ТРК технологиялық инфоқұрылымын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруын жоспарлайды. 

Сұранысты жүктеу

«Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті  анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жоба бойынша мәлімет

Жобаның атауы: Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы.

Жобаны іске асыру саласы: Жоба әуе көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдары саласында өткізіледі.

Мақсаты және міндеті: Халықаралық стандарттар мен ИКАО ұсынымдарына (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) және Қазақстан Республикасының аумағындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы. Жобаның мақсаты аймақтағы авиацияны дамыту және жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Жаңа әуе терминалының  құрылысы әуе кемелеріне көрсетілетін әуе қызметтерінің сапасын көтеруге, халықаралық стандарттардың талаптарына сай қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз  етеді, Қызылорда қаласы әуежайынан (әуежайына), оның ішінде халықаралық  жолаушылар айналымын көбейтуге, сонымен қатар жүк айналымы көлемін өңдеуді көбейтуге мүмкіндік береді.

«Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:

Тиімді өткізу қабілеттілігі – сағатына 250 жолаушы;

Терминал – 2 қабатты;

Телескоптық траптардың төменгі саны – 2 дана;

Жер учаскесінің жалпы көлемі – 3,7973 га.

Жобаны іске асыру орны: Қызылорда қаласындағы қолданыстағы халықаралық әуежайдың аумағында.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 20 жыл, оның ішінде:

Құрылыс кезеңі: 1,5 – 2 жыл;

Пайдалану кезеңі: 18 жыл.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (2014 жылғы 14 сәуірдегі №01-0208/14 «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы) сәйкес, құрылыс мерзімдері шамамен  және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптес 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуі керек, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, Әкімдік ғимараты, 4 қабат, №429 кабинеті.

Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс үшін: Е.М. Жаңабаев, Б. Жұпарбеков

 8 (7242) 60-54-75; 8 (7242) 60-54-77

Г.У. Жаманбаев 8 (7242) 26-23-65 («Қорқыт Ата әуежайы» АҚ)

Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00- ден 18.30-ға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен-жайындағы Әкімдік ғимараты, 4 қабат, 429 кабинетінен алуға болады.

Көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.