«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Atameken Business Channel

Жұмыс орнында оқыту

Трир каласының Қолөнер палатасымен бірге жүргізілетін кәсіби оқыту жөніндегі әріптестік жоба

2015 жылдың 6 мамыры күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Трирдің (Германия) Кәсіптік палатасымен кәсіптік оқыту жөніндегі әріптестік жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Жоба 2014 жылдан бері әзірленіп, дуальды оқытуды ұйымдастырудағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, кәсіпорындардың рөлін күшейтуге, өндірістік оқытуды ұйымдастырудағы Трир қаласы Кәсіптік палатасының нақты механизмдерін пайдалануға бағытталған. Жобаны Германияның Экономикалық әріптестік федералды министрлігі қаржыландырады.

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның кәсіпорындары мен колледждерінде шағын және орта бизнес сұранысы бойынша кәсіби дайындық деңгейін тұрақты түрде арттыруға көмектесу.

Жоба 6 облыста іске асырылып, оны Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының палаталары үйлестіреді.

Жобаға 7 сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіпорындар енгізілген: құрылысшы-әрлеуші, ағаш шебері мен жиһаз жасаушы, туризм жөніндегі менеджер, электромеханик, металл жонушы, аспазшы, электр және газбен дәнекерлеуші және колледждердің мамандықтарына сәйкес келетін басқа да мамандықтар.

Бүгінгі күнге дейін Астана, Алматы, Тараз қалаларының ӨКП сарапшылары мен кәсіпорындар тәлімгерлері үшін 10-нан астам оқыту семинарлары өткізілді. Сондай-ақ, жобаға қатысушы кәсіпорындардың ұсыныстарын есепке  алу үшін колледждердің оқу жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде кеңестер әзірленді.

Жоба аясында Германияның кәсіби білім беру мекемелеріне оқу сапарлары өтті: Германия Кәсіпшілерінің орталық одағы, білім министрлігі, экономика министрлігі, Кәсіби білім беру федералды институты(BIBB), Кобленц және Трир қалаларының палаталары, Трир қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы, кәсіби мектептер және т.б.

«Кәсіби және еңбек педагогикасы. Тәлімгерлерді аттестаттау» тақырыбы бойынша Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Петропавл қалаларындағы кәсіпорындардағы 50-ден астам тәлімгер оқытылды.

Оқуды неміс сарапшыларымен қатар «Базис» ҚК» (Астана қ.), «Borusan-Makina» ЖШС (Қарағанды қ.), «Қазақмыс Смэлтинг» (Балқаш қ.),  «Степногорск» ЖШС (Степногорск қ.), «LegaGroup» (Қарағанды қ.) сынды қазақстандық кәсіпорындардың мамандары да жүргізді.

Жобаны іске асыру барасы мен негізгі материалдар мына топта орналастырылған: «ӨКП – дуальды білім берудің ұйымдастырушысы» атты ҰКП мен Трир палатасының жобасы

 

Серіктестер