«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Шағын несиелеу

«Атамекен» шағын қаржы ұйымы» ЖШС 2016 жылы Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қатысуымен құрылған. Шағын қаржы ұйымдарының негізгі қызмет түрі – жұмыс істеп тұрған және кәсібін жаңадан бастаған ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие беру.

Несиелеу шарты

Шағын қаржы ұйымының қарыз алушысы талаптарға сай келетін заңды тұлғалар, шаруа (фермерлік) қожалықтар, жеке кәсіпкерлер бола алады:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілері;

2) ҚР облыстарының аумаңындағы ауылдық елдімекенде, моно- және шағын қалада тіркелген және сол жерде жұмыс істейтіндер;

3) салық және басқа да бюджетке, банкке, басқа да қаржы ұйымдарына міндетті төлемдерден мерзімі өткен қарызы жоқ;

4) шағын несие алуға өтініш берген уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құру, тарату немесе банкроттық процедуралар жүрмеген және мүлкіне тыйым салынбаған немесе өндіріп алуға жүгіну болмағандар.

Шағын несие бір қарыз алушыға 8000 есептік айлық көрсеткіштен аспайтын көлемде беріледі (2017 жылы – 18 152 000 теңгеден аспайды)

Шағын несие мерзімі – 7 жылға дейін.

Шағын несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 6% аспайды.

Негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік мерзімі – шағын несие мерзімінен 1/3 аспайды (несие берушінің шешіміне қарай)

Қамтамасыз ету түрі – жылжитын және жылжымайтын мүлік, 3 тұлғаның кепілі.

Мақсатты қолдануы – ауылдық елдімекенде, моно-, шағын қалаларда кәсіпкерлік қызметтің барлық түрін дамыту.

Шағын несие тұтынушылық мақсатта, бұрынғы несиені жабу үшін, несиелік берешекті қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және саудамен айналысуға берілмейді.

Комиссия төлемі бір рет немесе жыл сайын, барлық кезең үшін немесе келер жылға алдын ала төлеммен жүзеге асырылады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша Шағын қаржы ұйымы қандай да бір комиссия, жинау және/немесе жеке кәсіпкерлердің шағын несиесімен байланысты басқа да төлемдерді алмайды, алайда жеке кәсіпкердің шағын несие бойынша міндеттемесін бұзу себебінен алынатын комиссия, жинау және/немесе өзге де төлемдер жүреді. 

Негізгі қарызды өтеу әдістері

1) сараланған әдіс;

2) аннуитеттік әдіс,

3) бір жолғы әдіс;

4) шағын несие беру туралы келісімшарт шағын несие желісін ашу туралы келісімшартта қарастырылған өзге де тәсіл.

Шағын несие екі әдіспен жүзеге асырылады:

1) қарыз беру;

2) шағын несие желісін ашу.

Шағын несиені мақсатсыз пайдалануда, сондай-ақ қарыз алушының шағы несие беру немесе шағын несие желісін ашу туралы келісімшартта және/немесе кепіл келісімшартымен қарастырылған міндеттерді орындамаған жағдайда Шағын қаржы ұйымы шағын несие беру туралы келісімшартты/ шағын несие желісін ашу туралы келісімшартты орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан шағын несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы

Кепілге қойылатын талаптар

Шағын қаржы ұйымының алдында қарыз алушыың міндеттерін қамтамасыз ету ретінде келесі қалыптағы кез келген қамтамасыз ету қабылданады:

1) келесі талаптарға сай келетін жылжымайтын және жылжымалы мүлік кепілі:

1.1. жеке меншік құқығындағы мүлік. Мүлік және Мүлік құқығы үшінші тұлғаның құқығы мен заңды талабынан бос болуы керек;

1.2. жалға алу мерзімі шағын несие мерзімінде аяқталмайтын шарттағы, жалға алу мерзімі 5 жылдан жоғары уақытша ұзақ мерзімге пайдалану құқығындағы жер. Кепілге қойылатын жалға алынған жер жалпы кепіл мүлігінің жалпы кепілдік құнынан 20%-нан аспауы керек;

1.3. шынайы нарық құны бар мүлік (дайындалған және пайдалануға берілген күніне қарамастан);

1.4. кепілге айналымнан алынбаған, және айналымда шектелмеген мүлік қабылданады;

1.5. кепіл берушіде кепіл затына қатысты бюджетке міндетті төлем бойынша қарызы жоқ болуы керек;

1.6. ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайда, кепілге берілетін мүлікке құқық аталған мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуден жүргізетін мемлекеттік органдарда тіркелуі тиіс.

2) үшінші тұлғаның кепілдігі.

Қарыз алушының шағын несие беру туралы келісімшарт бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы, сондай-ақ айналымдағы ақциясын немесе қатысу үлесін қабылдауға тыйым салынады;

Қамтамасыз ету құрамы бойынша соңғы шешім Шағын қаржы ұйымның несие комитетінде қабылдануы тиіс және келесі факторлар ескерілуі керек:

- қарыз алушының, кепілгердің  жалпы қаржылық жағдайы;

- қарыз алушының несие тарихы;

- қамтамасыз етудің түрлі тәсілдері мен формасын қолдану, үшінші тұлғаларды ынтымақты жауапкершілікке тарту арқылы біріктірілген құрылымды қалыптастыру;

- қамтамасыз етудің кепілдік құны шағын несие беру шартына сәйкес қарыз алушының міндетін жабуы керек;

- қарыз алушы үшін шағын несиені өтеуге моральдың ынта ретінде кепілге беретін мүліктің құндылығы.

Кепілге міндетті тіркеуге жататын жылжымайтын және/немесе басқа да жылжымалы мүлікті және/немесе басқа да құқық белгілейтін құжаттарымен басқа да жылжымалы мүлікті кепілге алуға тең қамтамасыз етудің құрамы мен көлемі жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлердің) тіркеуге міндетті емес жылжымалы мүлігі кіре алады.

Кепілге шағын несие мынадай аспайтын сомада беріледі:

- қаладағы жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 80%;

- ауылдық жердегі жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 80%;

- өндірістің орынжайдың бағалау құнының 80%;

- жеңіл автокөліктің бағалау құнының 60%;

- жүк көліктері, ауылшаруашылықтың  және ауыл шаруашылығының арнайы техникасы мен арнайы техниканың бағалау құнының 60 %;

- малдың бағалау құнынан 50%;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің бағалау құнынан 50%;

- жерді пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары ұзақ мерзімде уақытша пайдалану құқығындағы жерді бағалау құнынан 30%.

Кепіл беруші ретінде қарыз алушының үшін немесе өз мүлігін қарыз алушының міндетін қамтамасыз ету үшін беруге ниет танытқан үшінші тұлға бола алады.

Қамтамасыз ету құрамын рәсімдеуді жеке бөлігімен әрбір траншын тікелей беру алдында оларды беру кезінде қамтамасыз ету сомасы ағымдағы және қайта туындайтын міндеттемені жабу шартымен рұқсат етіледі.

Шағын несиені толықтай өтеген кезде ғана кепіл затты босатуға жол беріледі. Кепілдегі затты босату туралы шешімді Шағын қаржы ұйымының несие комиссиясы қабылдайды.

Несие комитеті кепілге берілетін былжымалы және жылжымайтын мүлікке талап ретінде оны Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚКП мен ШҚҰ ішкі нормативті құжаттарына сәйкес сақтандыру қажеттілігінің анықтауы мүмкін. Саұтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарының қызметін төлеуді қарыз алушы жүзеге асырады.

Қарыз алушы шағын несие беру туралы келісімшарт / шағын несие желісін ашу туралы келісімшарт бойынша өз міндеттемесін орындамаған жағдайда Шағын қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес кепілдік мүлікті өндіріп алуға жүгінуге құқылы.

Қамтамасыз ету мүлкінің түріне қарай кепілдік затқа мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу органдары жүзеге асырады.

ШҚҰ бойынша жалпы статистика

Облыс

Қостанай

Маңғыстау

Тараз

Қызылорда

Жарғы капиталы, млн. теңге

588

588

588

660

Әкімдік үлесі

288

288

288

360

ҰКП үлесі

300

300

300

300

01.07.17 жылға портфель

469 371,7 мың теңге

558 883,1 мың теңге

257 208,3 мың теңге

-

2017 жылы қаржыландыру жоспары

259 млн.

160 млн

235 млн

500 млн. теңге

2017 жылы қаржыландыру жоспары

 

 

 

300 млн. теңге

 

Серіктестер