Астанада «Kaztraffic-2026» халықаралық көрмесі өтеді
2026 жылғы 18–20 қараша аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен XXII «Kaztraffic-2026» халықаралық көрмесі өтеді.
Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері, Еуропа және Азиядан 300-ден астам компания қатысып, жол-құрылыс техникасы мен жабдықтарын, заманауи материалдар мен технологияларды, жолдарды күтіп-ұстау, диагностика және қауіпсіздік шешімдерін таныстырады.
Биыл көрменің маңызды бағыттарының бірі – жол саласын цифрландыру, интеллектуалды көлік жүйелері (ITS), жасанды интеллект, компьютерлік көру және Smart Road технологиялары.
Көрме аясында «Жолдар және инновациялар» II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, сондай-ақ Қытайдың салалық және технологиялық компанияларының қатысуымен халықаралық секция ұйымдастырылады.
📅 2026 жылғы 18–20 қараша
📍 EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана қаласы