Астанада корпоративтік басқару жөніндегі IV форум өтеді

05.10.2026
Астанада корпоративтік басқару жөніндегі IV форум өтеді

2026 жылдың 20 қарашасында Астанада «Корпоративтік басқару: реформалардан нәтижелерге - болашаққа бағдар» атты IV жыл сайынғы Корпоративтік басқару форумы өтеді.

Форум бизнес иелері мен басшыларын, директорлар кеңестерінің төрағалары мен мүшелерін, тәуелсіз директорларды, инвесторларды, корпоративтік хатшыларды, ішкі аудит, комплаенс және тәуекел-менеджмент саласындағы мамандарды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және кәсіби қоғамдастықтың өкілдерін біріктіреді.

Кәсіби талқылаудың негізгі тақырыптары:

• корпоративтік басқару және экономикалық даму: жаһандық контекст және Қазақстанның жағдайы;

• мемлекет кәсіби меншік иесі ретінде және директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру;

• директорлар кеңестері шешімдерінің сапасы;

• тәуелсіз директорлар институтын дамыту;

• жеке бизнес үшін корпоративтік басқару;

• тәуекелдер, ішкі аудит және комплаенс;

• корпоративтік этика және жауапкершілік;

• өңірлерде корпоративтік басқаруды дамыту;

• корпоративтік басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

• AI Governance - корпоративтік басқарудағы жасанды интеллект.

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі - практикалық формат. Қатысушылар жалпы тәсілдерді ғана емес, нақты басқарушылық жағдайларды, шешімдер мен құралдарды талқылайды.

 

Халықаралық диалог

Еуразиядағы корпоративтік басқаруға, оны дамытудың түрлі модельдеріне және өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктеріне бағытталған арнайы сессия жоспарланған. Бағдарламада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдерінің, халықаралық қаржы ұйымдары мен кәсіби қоғамдастық өкілдерінің қатысуы көзделген. Форумның институционалдық серіктестері қатарында - IFC, EBRD, World Bank, OECD және KPMG.

 

«Корпоративтік басқару: 50 қазақстандық кейс»

Форумның арнайы іс-шараларының бірі «Корпоративтік басқару: 50 қазақстандық кейс» басылымының таныстырылымы болмақ.

Басылымда отандық компаниялардың нақты оқиғалары, басқарушылық шешімдері мен практикалық тәжірибесі жинақталады: компаниялардың меншік иелері, директорлар кеңестері мен менеджмент арасындағы өзара іс-қимылды қалай құратыны, күрделі және дағдарыстық жағдайлардан қалай өтетіні, тәуекелдерді қалай басқаратыны және ішкі процестерді қалай жетілдіретіні көрсетіледі.

Жобаның мақсаты - корпоративтік басқаруды қазақстандық компаниялардың нақты шешімдері мен тәжірибесі арқылы көрсету.

 

Кәсіби жетістіктерді мойындау

Форум аясында корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Марапаттар мемлекеттік және жеке компанияларда, Қазақстан өңірлерінде корпоративтік басқаруды дамытуға, сондай-ақ тәуелсіз директорлар, корпоративтік хатшылар, ішкі аудит, комплаенс және тәуекел-менеджмент институттарын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Форум «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің қызметі аясында өткізіледі. Кеңестің мәртебесі мен функциялары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 26-2-бабында бекітілген.

Форум қорытындысы бойынша қалыптастырылған ұсыныстар Ұлттық кеңестің алдағы жұмысында, оның ішінде корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Бизнес иелері мен басшыларын, директорлар кеңестерінің мүшелерін, тәуелсіз директорларды және кәсіби қоғамдастық өкілдерін IV жыл сайынғы Корпоративтік басқару форумына қатысуға шақырамыз.

 

Неліктен бұл іс-шараға қатысу маңызды?

Практикалық шешімдер. Директорлар кеңесі шешімдерінің сапасы, директорлардың тәуелсіздігі, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқарудағы жаңа технологиялар сияқты нақты басқарушылық міндеттер талқыланады.

Кәсіби байланыстар. Бизнес иелерімен, топ-менеджерлермен, директорлар кеңесінің мүшелерімен, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік беріледі.

Өзекті талдау және компаниялар тәжірибесі. Корпоративтік басқару практикасына шолудың алдын ала нәтижелері, халықаралық тәжірибе және қазақстандық компаниялардың практикалық кейстері ұсынылады.

 

Күні: 2026 жылғы 20 қараша

Уақыты: 09:30–18:00

Өтетін орны: Астана қ., Sheraton Astana Hotel

Бағдарлама, спикерлер және тіркелу: https://cgf.kz/