Астанада United Medical Expo 2026 халықаралық В2В көрмесі өтеді

06.10.2026
Астанада United Medical Expo 2026 халықаралық В2В көрмесі өтеді

2026 жылғы 28–29 қазанда Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында медициналық салаға арналған IV Қазақстандық халықаралық B2B көрме – United Medical Expo 2026 өтеді.

Көрмеге әлемнің 15-тен астам елінен 100-ден астам компания қатысады. Бір алаңда медициналық жабдық өндірушілер мен жеткізушілер, дистрибьюторлар, клиникалар мен медициналық орталықтардың өкілдері, дәрігерлер, зертханалар, дәріхана бизнесі, сатып алушылар және медициналық нарықтың басқа да қатысушылары бас қосады.

Көрме экспозициясында медициналық және аурухана жабдықтары, фармацевтика және фармакология, зертханалық диагностикаға арналған жабдықтар мен шешімдер, стоматология, медициналық туризм, эстетикалық медицина және косметология саласындағы технологиялар ұсынылады.

Көрме қатысушылары жаңа технологиялар мен жабдықтармен танысып, өндірушілер мен жеткізушілердің ұсыныстарын салыстыра алады. Сондай-ақ жаңа іскерлік серіктестер тауып, жеткізу және ынтымақтастық шарттарын тікелей талқылауға, кәсіби байланыстар аясын кеңейтуге мүмкіндік алады.

Көрмемен қатар медициналық сала өкілдері, сарапшылар, клиникалар, компаниялар және кәсіби қауымдастықтар қатысатын іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. Панельдік сессиялар мен сараптамалық пікірталастар барысында заманауи медициналық технологиялар және оларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізу, медицинадағы жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Көрмеге келушілер үшін қатысу тегін. Тіркелу ұйымдастырушылардың сайтында қолжетімді: umtexpo.com.

Анықтама телефоны: +7 747 120 3378.