Вашингтонда Америка – Қазақстан іскерлік дөңгелек үстелі өтеді

07.11.2026
Вашингтонда Америка – Қазақстан іскерлік дөңгелек үстелі өтеді

9 қарашада Вашингтонда Америка — Қазақстан іскерлік дөңгелек үстелі өтеді.

«Стратегиялық әріптестіктен нақты жобаларға» тақырыбындағы кездесуді «Атамекен» ҰКП, АҚШ Сауда палатасы және ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырады.

Қатысушылар инвестиция, сауда, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, көлік-логистика, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты талқылайды.

Кездесу аясында бірқатар инвестициялық және технологиялық құжаттарға қол қою жоспарланған.