Астанада KazBrand-2026 ұлттық байқауының финалы өтеді
4-5 желтоқсанда Астанада елдің әр өңірінен келген кәсіпкерлер бас қоспақ. Мұнда Қазақстанда қатарынан екінші жыл өткізіліп жатқан KazBrand ұлттық байқауының финалы өтеді. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Идеядан ауқымды бизнеске дейін» практикалық семинары ұйымдастырылады.
Іс-шараны ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Орталық Азия франчайзинг қауымдастығы (CAAF) ұйымдастыруда.
Қатысушыларды танымал қазақстандық брендтердің презентациялары, сарапшылармен кездесулер, тәжірибе алмасу және табысты бизнес пен оны дамыту құралдарын талқылау күтуде.
4 желтоқсан – KazBrand 2026 финалы
Биыл байқауға Қазақстан бойынша 421 өтінім түсті. Финалға шағын өндірістер мен танымал отандық брендтерді қоса алғанда, 35 компания шықты.
Финалистер өз компанияларын, бизнес үлгілерін және даму жоспарларын сарапшылар алқасының алдында таныстырады. Оның қорытындысы бойынша KazBrand 2026 жеңімпаздары анықталады.
Сондай-ақ, конақтар кәсіпкерлермен танысып, жаңа іскерлік байланыстар орната алады.
Өтетін орны: Spaces Astana, Самал-1 көшесі.
Басталуы: 09:30-да (тіркеу 09:00-де басталады).
5 желтоқсан – «Идеядан ауқымды бизнеске дейін» практикалық семинары
Неліктен бір бизнес жылдар бойы шағын компания болып қала береді, ал екіншісі ірі желіге айналады? Маркетингке жасалған инвестициялардың шынымен ақталатынын қалай түсінуге болады? Брендтің танымал болуы үшін не істеу керек?
Тәжірибелі кәсіпкерлер мен сарапшылар семинарда бизнесті дамытудың үш негізгі бағытын талдайды: маркетинг, брендинг және ауқымдау.
Маркетинг: клиенттерді тарту тәсілдері, жарнама тиімділігін бағалау және бюджетті тиімді жұмсау жолдары.
Бренд: бәсекелестер арасында ерекшелену, танымал болу және сатып алушылардың сенімін жаулап алу жолдары.
Ауқымдау: компанияны өсімге қарай ілгерілету, үдерістерді ретке келтіру және кеңейту кезінде қателіктерге жол бермеу жолдары.
Бағдарламаның негізі — кәсіпкерлердің практикалық тәжірибесі және нақты бизнес-міндеттер. Қатысушылар өз компаниясына басқа қырынан қарап, оның өсуіне не кедергі болып жатқанын түсіне алады.
Уақыты: 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Орын саны шектеулі. Қатысу ақылы.
Байқау финалы мен семинарға тіркелу үшін WhatsApp нөміріне хабарласыңыз: +7 700 544 7001.
Instagram: @franchise_asia