«Атамекен» Қазақстанның акционерлік қоғамдарындағы тәуелсіз директорлар арасында сауалнама жүргізеді

17.11.2026
«Атамекен» Қазақстанның акционерлік қоғамдарындағы тәуелсіз директорлар арасында сауалнама жүргізеді

«Атамекен» ҚР ҰКП қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына арналған жыл сайынғы шолуды дайындау үшін тәуелсіз директорларды сауалнамаға қатысуға шақырады.

Сауалнаманың мақсаты – тәуелсіз директорлардың мәртебесін, өкілеттіктері мен жұмыс жағдайларын бағалау, сондай-ақ кәсіби қызмет барысында кездесетін сын-қатерлер мен оқыту қажеттіліктерін анықтау.

Сауалнамадан өтуге 5-7 минут уақыт кетеді. Жауаптар тек жинақталған түрде ұсынылады. Ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі.

Сауалнамадан сілтеме немесе жоғарыдағы QR-код арқылы өтеге болады:  https://forms.gle/xwNYCJsLT3y4R9ny7

Қатысқандарыңыз және Қазақстандағы корпоративтік басқару практикасын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!