Ташкентте халықаралық бизнес-форум өтеді

29.11.2026
Ташкентте халықаралық бизнес-форум өтеді

2026 жылғы 29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Ташкентте «Жаңа Өзбекстан: жаһандық нарықтар тоғысында» халықаралық бизнес-форумының іскерлік бағдарламасы өтеді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерді форумға қазақстандық бизнес-делегация құрамында қатысуға шақырады.

Форумға 80-нен астам елден 3 мыңға жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Олар 2 мыңнан астам компания мен ұйымның атынан қатысады. Солардың 300-ден астамы Еуропадан келеді.

Іскерлік бағдарлама екі тректен тұрады:

· Бірінші трек 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді. Оған Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Орталық және Оңтүстік Азия, сондай-ақ Кавказ елдерінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бағдарламада халықаралық көрме, пленарлық отырыс, тақырыптық сессиялар, B2B кездесулер және өнеркәсіп кәсіпорындарына бару қарастырылған.

· Екінші трек 3 және 4 желтоқсанда өтеді. Бұл трек ТМД, Орталық және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс елдері мен Қытай компанияларымен ынтымақтастыққа бағытталған. Бағдарламаға халықаралық көрме, тақырыптық сессиялар және B2B кездесулер кіреді.

Форум бағдарламасымен танысу

2026 жылғы 3 желтоқсанда «Жаңа Өзбекстан: жаһандық нарықтар тоғысында» халықаралық бизнес-форумының екінші трегі аясында пленарлық сессия өтеді.

Қазақстандық компаниялар өздеріне қызықты нарықтар мен серіктестерді ескере отырып, екі тректің кез келгеніне қатыса алады. Форум аясында кәсіпкерлер Өзбекстан, Еуропа және басқа өңірлердің әлеуетті сатып алушыларымен, дистрибьюторларымен және инвесторларымен келіссөз жүргізіп, қазақстандық өнімді жеткізу мен бірлескен жобаларды талқылай алады. Жалпы B2B және B2G форматтарында 500-ден астам кездесу жоспарланған.

Қатысу үшін форумның сайтында тіркелу қажет.

Қатысушыларға арналған байланыс деректері:

· Мерғали Сембиев, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Өзбекстандағы арнайы өкілі +7 771 114 58 78, +998 77 013 45 36

· Диляфруз Кадирханова, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері
+7 747 846 2066