astana-view

Қазақстандық бизнестің тұжырымдамалық ұсыныстары

2015 жылғы 02 Маусым
4753 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО КК жобасын даярлау жөніндегі кезекті 12 отырысында ЕАЭО Кеден кодексін мемлекет ішінде келісу жүргізу аясында келіп түскен Беларусь, Қазақстан (алдын ала) және Ресей ескертулері мен ұсыныстары қаралды.

Жобаның 1-3 және 6 бөлімдерінің ережелері бойынша Сараптау тобының отырысы барысында айтылған Армения ұсыныстары мен ескертулері де ЕЭК назарына алынды.

Тараптар мәлімдемесі бойынша, ЕАЭО Кеден кодексі жобасына мемлекет ішіндегі келісулердің аталмыш нәтижелері алдын ала болып табылады, себебі Тараптар ЕЭК-ке түзетулердің қосымша топтамасын жібермекші.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕАЭО Кеден кодексі жобасына тұжырымдамалық ұсыныстар даярлау бойынша Жұмыс тобын құрып, мемлекет ішілік келісу процедураларын аяқтау мерзімін өзгерткенін еске саламыз.

Наурыз айында қазақстандық бизнестің қатысуымен жаңа ведомствоаралық Жұмыс тобы құрылып, ол күн сайынғы режимде, негізгі қызметтен бөлек, 2015 жылғы 30 наурыз және 30 сәуір аралығындағы кезеңде ЕАЭО Кеден кодексі жобасына түзетулер даярлаған болатын.

Сонымен, жобадан «резиденттік» қағидатының күшін жоюға бағытталған нормаларды, сондай-ақ жанама салықтарды төлеуді реттемелейтін нормаларды (жанама салықты ұлттық заңнамамен алуды реттеу) алып тастау ұсынылады.

Тағы бір ұсыныс ұлттық түсіндіру мүмкіндігінсіз халықаралық және ішкі транзитты жүзеге асыру тәртібін реттемелеуге қатысты: тексеру, өткізу бекеттерін айқындау бойынша өз бетінше шешімді қолдану, қосымша құжаттар сұрау, сәйкестендіру құралдарын және қамтамасыз ету сертификаттарын тану және т.б.

Мамыр айының соңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алаңында Ведомствоаралық Жұмыс тобының ЕАЭО Кеден кодексі жобасына тұжырымдамалық түзетулер енгізу бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша қазақстандық Тараптың бірыңғай ұстанымын қарау және дайындау бойынша отырыс өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және салалық бизнес-қауымдастықтар өкілдері қатысты. Бизнестің тұжырымдамалық ұсыныстары мен ескертулері жасалып аяқталған соң қазақстандық Тарап ұстанымы Еуразиялық экономикалық комиссияға жолданады.

ЕАЭО Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобы 12 отырысының Хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Отырысқа қатысушылар тізімімен мына жерде танысуға болады.

Одақ Кеден кодексінің жобасымен мына жерде танысуға болады.

2015 жылғы маусым айында Жұмыс тобының қарауына шығарылатын мәселелер кестесімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер