astana-view

Әлі де қауіп бар

2015 жылғы 15 Шілде
7006 просмотров

Азат Перуашев бизнес-қоғамдастықтың барлық заңнамалық жаңалықтарды бірдей қабылдай қоймағанын мойындады

Мәжілісте кәсіпкерлік саласындағы заң шығару жұмысына қорытынды жасалды

Қазақстан парламентінің төменгі палатасында кәсіпкерлікті дамытуға қатысты заңдармен жұмыс қорытындылары қалай бағалануда? Кәсіпкерлер мүддесін белсенді түрде қорғаушылардың бірі мәжілісмен Азат Перуашев Парламенттің бесінші шақырылымының аяқталған IV сессиясы барысында «айтарлықтай көп жұмыс жасалды» деп есептейді.

«Ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет дайындаған «Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту туралы» заң қабылданды. Онда жағымды дүниелер көп болды», - деді депутат.  – «Қазір «Кәсіпкерлік кодекс» жатыр. Іс жүзінде құқықтың жаңа саласы – кәсіпкерлік құқықты жасақтап жатырмыз деуге болады. Ол бизнес үшін күшті тірек болады деп ойлаймын».

Кәсіпкерлік саласында қандай мәселелер шешілмей қалғаны жайлы сауалдарға жауап бере отырып Азат Перуашев салық саласын көрсетті. «Салық заңнамасы бойынша көп дүние шешілмей қалды, зейнетақы жүйесі бойынша сауалдар тудыратын шешімдер қабылданды. Мәселен, жұмыс берушілер үшін қосымша 5% аударымдардың енгізілуі», - деп атады депутат.

Сонымен қатар, қазір «міндетті медициналық сақтандыру енгізу және бірыңғай қор құру жөніндегі тұжырымдама да талқылану үстінде».

«Дегенмен мұндай дүниелер бәсекелес ортада шешілуге тиіс», - деген сенімде Азат Перуашев. Ол сонымен қатар бұл жаңалықтардың бизнес-қоғамдастық «сауалдары мен қырағылығын тудыратынын» атады.

Жанар Бiрлiкқызы


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер