astana-view

Тоқыраудан - тұрақтануға

2015 жылғы 28 Қыркүйек
9007 просмотров

Мемлекеттік қолдау және теңгенің еркін бағамы бизнестің дамуына мүмкіндік береді

«Баян Сұлу» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары Тимур Садықов осындай ой айтты.

Оның айтуынша, жалпы, кәсіпорын теңгенің еркін бағамына оң көзқараста, себебі бұл шара экспорттық және ішкі келісімшарттарды жандандыруға сеп болды. Жалпы көрініс нарықтыққа айналды.

«Егер 2014 жылы өнімді экспорттау 30% құраса, онда 2015 жылдың басында ол 10% дейін қысқарды. Теңгенің еркін бағамы белгіленгеннен кейін біртіндеп бұрынғы жайғасымдардың қайтып оралу тенденциясын байқап отырмыз», - дейді Тимур Садықов.

Кондитерлік фабрика өкілі сонымен қатар кәсіпорынның экспортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысатынын атады, бірақ, оның айтуынша, жалпы нарықтық қатынастар отандық экономикаға қолданылған кезде, бұл жағымды әсер көрсетеді.

«Күрт серпілу жайлы айтуға әлі ерте, бірақ тоқыраудан белгілі бір тұрақтануға, тіпті өсуге қарай қадам жасалып қойды. Мұның теріс жағы да бар, Қазақстанда, мәселен, какао дәндері өсірілмейді, сондықтан да шикізатты валютаға сатып аламыз. Бірақ, жалпы алғанда, мемлекеттік қолдау және еркін бағам дамуға, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Және де бұл қысқартуларды бүгінде болжап отырған жоқпыз», - деп қорытты «Баян Сұлу» АҚ вице-президенті Тимур Садықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер