astana-view

Тауар - ақша

2015 жылғы 29 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
7513 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы алматылық бизнесменнің ақшасын қайтаруына көмектесті

2014 жылғы 3 қарашада «Қызылорда жылу-электр орталығы» МҚК мен алматылық «Азия Қанаты» ЖК шарт жасасады. Оған сәйкес жеке кәсіпкер кәсіпорынға жалпы құны 148 мың теңге тұратын 40 дана балықшылар етігін жеткізуге тиіс болады.

Шарт талаптарына сәйкес тапсырыс беруші тауар жеткізген күннен бастап алты ай ішінде, іс жүзінде – 2015 жылғы мамыр айында төлем жасауға тиіс еді. Алайда «Қызылорда жылу-электр орталығы» осы күнге дейін тауардың ақысын төлемеген.

Жеке кәсіпкер орын алған мән-жайлар себебінен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге мәжбүр болады. Ал Алматы Палатасы аталмыш мәселені шешуге жәрдем көрсетуді сұрап Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына өтініш жасайды.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары «Қызылорда жылу-электр орталығы» МҚК басшысымен келіссөз жүргізіп, осыдан соң «Азия Қанаты» ЖК толығымен соманы өтеді. Жеке кәсіпкер Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына аталмыш істі жедел әрі сапалы түрде шешіп бергені үшін алғысын айтты.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер