astana-view

Ұнтақ болды ма?

2015 жылғы 05 Қазан
7615 просмотров

ШҚО шенеунігінің әрекеті Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша құрылған дәріхана бизнесінің жойылуына әкелуі мүмкін

ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті мен алты ай бұрын ғана «Бизнестің жол картасы-2020» шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасының арқасында жұмыс жасай бастаған дәріхана арасындағы атышулы қақтығыс оқиғасы жаңа сипат алуда.

2015 жылғы 8 маусымда ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне Е.И.Лихачева ЖК дәріханасында сатып алынған деп аталған ұнтақ үстінен шағым келіп түседі. Заттаңбасы орамадан жеке беріледі, яғни ұнтақ шын мәнінде атаусыз.

Содан «Шығыс дент», «Пилюлька» ЖШС дәріханаларында, ал осыдан кейін Е.И.Лихачева Жеке кәсіпкерлігіне тиесілі дәріханада да жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі де, оның барысында ондай заттаңба да, орама да, ұнтақ та табылмайды. Дей тұрғанмен, Елена Лихачеваның дәріханасына 100 АЕК мөлшеріндегі сомада айыппұл салынады.

«Сотқа әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы қуыным арыз бердім. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ, бірақ уәкілетті орган келесі күні-ақ фармацевтикалық қоғамдастыққа хабарлауға асығып, біздің кәсіпкерлікке қатысты болашаққа «жоспар» құрып қойды», - деді жеке кәсіпкер.

Сот шешімді Лихачева ЖК пайдасына шығарды: ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті қаулысының күші жойылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.

Бірақ мемлекеттік орган басшысы мұнымен тоқтап қалған жоқ.

Бұл жолы Ләззат Кусябгалиева 130 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы шығарады. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға жоғарыда аталған ұнтақты «Пилюлька» дәріханасынан сатып алдым деп отырған Л.Ниязбаеваның шағымы себеп болды.

Алайда куәгерлер М.Болтовская мен Е.Трофименко көріп шыққан «Пилюлька» дәріханасындағы бақылау камерасының бейнежазбасы чекте көрсетілген уақытта дәріні Ниязбаева емес, мүлдем басқа адам сатып алып жатқанын көрсетеді.

Осылайша, оқиғада тағы бір кейіпкер – «Моисеева» ЖК дәріханасының қызметкері С. Колесникова пайда болады. Оның айтуынша, төмен бағасына қызығып дәрілік препараттың 10 орамасына тапсырыс бергенін көрсеткен түсінік хат шындыққа жанаспайды, және де ол түсініктемені Ләззат Кусябгалиева тарапынан жасалған қысыммен жазған.  

«Фармацевтикалық бақылау департаментінің жоспардан тыс тексерісті заңсыз түрде жүргізгені анықталды, себебі Л.Ниязбекованың шындыққа жанаспайтын шағымы бойынша ұйымдастырылған. Ал шағым иесі сотта «Пилюлька» дәріханасынан жоғарыда аталған ұнтақты сатып алмағанын, 24 мамырда аталмыш дәріханаға бармағанын, шағымды танысының сұрауымен жазғанын түсіндірді», - деп атады ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

«Ләззат Кусябгалиеваның Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінде жұмыс жасап жүрген ұлы жағдайды мүлдем басқа жаққа аударып, бизнесімізді жойып жібереді ме деп қорқамыз», - дейді Елена Лихачева.

2015 жылғы ақпан айында ісін бастаушы, бұрынғы фармацевт Елена Лихачева мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит алып, жеке іс – Өскемендегі көлемі жөнінен екінші тұрған рецептуралық-өндірістік бөлімі бар дәріхана ашу тәуекеліне барғанын еске саламыз. Оқиға одан әрі өте қызықты сценариймен өрбіді…


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер