astana-view

ДСҰ: күштілермен бәсекелесуге тура келеді

2015 жылғы 23 Желтоқсан
- Астана қаласы
12105 просмотров

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің берері бар ма және қазақстандық кәсіпкерлер нарықтағы жаңа ахуалға қаншалықты дайын?

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов атап өткендей, ДСҰ елімізге экономиканың барлық дерлік салаларында дамуға күшті серпін береді.

«ДСҰ-мен интеграциялану механизмі сыртқы және ішкі нарықтарда бірдей болу үшін өндіріс қарқынын өсіруді болжайды. Аталмыш бағыттардың әрқайсысы сауда теңгерімінің тұрақтылығын анықтайтын бірқатар іргелі факторлардан тұрады. Бұл – бәсекеге қабілеттілік деңгейі, өндірілетін өнім мен қызметтер бағасы мен сапасының қатынасы, өндіріс құны және өткізуге коммерциялық тұрғыдан келу, логистика, серіктестік байланыстардың, өткізу нүктелерінің болуы және т.б. Осының барлығы ДСҰ стандарттарына сәйкес, бірақ сыртқы нарық алдындағы осалдығы анық болып табылатын кәсіпкерлерімізге шығын келтірместен, сәйкес түзетулер жасалуын болжайды», - деді Ғани Тасмағанбетов.

Ол сонымен бірге «мұндай интеграция кезінде техникалық реттемелерден бастап, кедендік кедергілерге дейінгі түрлі факторлардың бүтін бір кешенін ескеру қажет» деп есептейді.

Осыған орай белгілі бір өтпелі ұстаным орнатылып, оның барысында Үкіметтің, экономиканың барлық салалары ДСҰ стандарттарына жауап беруі үшін, олар үшін жаңа талаптар енгізу жөніндегі жүйелік жұмыс жүргізуі қажет болады. Мәселен, келіссөз процесінің аясында қазақстандық кәсіпкерлікті қолдаудың баламалы шараларын даярлауға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңдер келісілді. «Бизнес-қоғамдастығымыздың қазіргі сәтте осынша тығыз бәсекелестікке дайын еместігін әрі сыртқы нарықтарға шығу үшін жеткілікті деңгейде тартымды жағдай жасай алмайтынын түсіну қажет. Өтпелі кезең дәл осы халықаралық сауда-экономикалық тұғырларға ойдағыдай шығу үшін және оның өркендеу шарттарын оңтайландыру үшін плацдарм құру мақсатында қажет», - деп есептейді елордалық Палата басшысы.

Оның айтуынша, қазақстандық өндіруші өз өнімін шетелде өткізуге жаңа коммерциялық тәсілдерді дайындап, әлеуетке ие тиімді бағыттарды анықтап, өндірістік тізбек пен баға белгілену тетігін және т.б. жақсарта алады.

«Осы шаралардың кең кешені әлемдік нарыққа табыспен енгізудің оң шарттарын құруды мақсат тұтады. Аталмыш процестің тұрақты қарқынын ұстап тұру үшін отандық өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік шаралары көзделген. Бұл шаралар Қазақстанның барлық дерлік өнеркәсіптік кешенін ынталандыруға арналған. Мәселен, өтпелі кезең аясында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жыл сайын АӨК өнімінің жалпы құнынан шамамен 8,5% құрайды. Жалпы көрсеткіш одан әрі өскен сайын рұқсат берілген мемлекеттік субсидиялау мөлшері ұлғая береді», - деп атады Ғани Тасмағанбетов.

Оның айтуынша, өндірістің әрбір саласы, болашақта әлемдік экономика үшін үйреншікті қатаң бәсекелестікке шыдас беру үшін, инфрақұрылымның реформалануын талап етеді. «Жалпы, ДСҰ жөніндегі келіссөздер сыртқы нарықтардың сатып алушылық ресурсын белсенді түрде пайдалануға мүмкіндік берді. Ендігі жерде жауапкершіліктің көлемді жүктемесін халықаралық тауарлық бәсекелестік аясындағы автономдық қызмет – «еркін жүзуге» көшуге дайындалып жатқан отандық бизнес өз мойнына алмақшы», - деді ӨКП басшысы.

Нарық кескіндемесінің түрленуі қимасында ДСҰ-ға кіру ең алдымен ішкі де, сыртқы да бәсекелестік деңгейінің кенет өсуінен хабар береді. Бұл қазірде көбіне отандық тауарлардан тұратын Қазақстанның ішкі нарықтарына сырттан шетелде өндірілген тауарлардың ағылуы сияқты қуатты институционалдық фактормен шартталады.

«Шетелден келетін тауарлардың тұрақты ағыны орын алған жағдайда қазіргі сәтте шетелдік өніммен бәсекелестікке шыдай алмайтын өндірушілеріміздің ығысып, нарықтың барлық сараланымдарында ірі тауашадан орын беруіне тура келеді. Бұл қазақстандық өндіруші заманауи экономикалық шындыққа сай келмей, әлемдік брендтермен ойдағыдай бақталаса алатын, біршама бәсекеге қабілетті, сапалы әрі арзан өнім өндіре алмаған жағдайда орын алады. Нарығымызға шетелде өндірілген тауарлардың алғашқы легі келе бастап, тұтынушылар сапа мен баға деңгейлеріндегі айырмашылықты көрген кезде, біздің тауар өндірушілеріміз ұсынатын өнімге сұранымның түсіп, олардың шетке ығысары сөзсіз», - деп түсінік берді Ғани Тасмағанбетов.  

Дей тұрғанмен, ол атап өткендей, осынша қатаң шарттарға қарамастан, бизнес-қоғамдастығымыз бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында өзінің ілгерілемелі дамуына әрі бәсекеге қабілетті өнім жасалуына қажет әсер ету тетіктерінің жеткілікті мөлшеріне ие болады.

«ДСҰ арқасында экономикамызға шетелдік өндірушілер үшін қазақстандық нарықтың ашылуымен шартталған аса зор инвестициялардың келетінін ескерген дұрыс. ДСҰ қазынаға салық түсімдерінің келуін күшейтеді. Ал оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, бар жағдай жасалады. Сонымен бірге елімізге жеке өкілдіктерін ашу жолымен шетелдік компаниялардың ағылуынан да жалтара алмаймыз. Бұл шетелдіктермен бірге біздің де азаматтарымыз еңбек ететін қосымша жұмыс орындарының ашылуын білдіреді. Шетелдік мамандардың Қазақстанның көп ұлтты қоғамдық ортасына үйлесімді әлеуметтік бейімделуі, еңбекке жайлы жағдай жасау маңызды. Бұл этносаралық және конфессияаралық негіздегі әлеуетті қайшылықтардың көпшілігінің алдын алуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді елордалық Кәсіпкерлер палатасының директоры. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер