astana-view

Бизнес «күту режимінде ме»?

2016 жылғы 21 Қаңтар
10862 просмотров

Кәсіпорындар жұмыстарын тоқтата тұруы мүмкін, алайда барлығы бірдей жабылуға не банкроттыққа бара алмайды

«Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті Хатшысының орынбасары Ирина Тюгина осындай ой айтты.

«Дағдарыс толқыны кезеңінде ШОҚ кәсіпорындарының тоқтап қалуы мүмкін, ол кезде бірқатар себептермен кәсіпорындардың жабылу не банкроттығының саны онша көп болмайды. Бірінші кезекте, Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы заң жүзінде бекітілмеген, сондықтан да жеке кәсіпкерлер оны әзірше қолдана алмайды. Ал кәсіпорынды жабу процедурасы бүгінде қиын болуы салдарынан кәсіпкерлердің өздері үшін тартымсыз болып қала береді», - деп түсінік беріп кетті Ирина Тюгина.  

Бағдарды өзгертеміз

Оның ойынша, сауда саласында еңбек етуші шағын кәсіпкерлік субъектілері мобильділігі себебінен біршама арзан әрі сапасы  аздау болып келетін тауарларға бағдарланып кетуі әбден мүмкін және жақын жатқан көршілерімізбен жұмыс жасайтын болады (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және басқалары).

«Кәсіпкерлік экономикадағы дағдарыс жағдайына алғаш ұшырап отырған жоқ. 2008 - 2009 жылдар дағдарысы тәжірибесі бойынша бизнестің жақын арада «күту режиміне» көшуді жөн санауы әбден мүмкін», - деп атады ШОБ комитеті хатшысының орынбасары.

Ирина Тюгинаның сөзінше, «Атамекен» ҰКП бұл жағдайда ШОБ-қа бизнесті тиімді жүргізуге оқытуға бағытталатын қолдау көрсетпекші, атап айтқанда, шығындарды оңтайландыру, өнімділікті көтеру, тиімді өндірісті енгізу, бизнес кооперациясы және т.б. бағытталады. Ол сонымен бірге мемлекет тарапынан оқытуға қаражат бөлу, кәсікерлер біліктілігін көтеру түрінде дәл осы бағытқа қолдау көрсетуді көздеудің мақсатқа лайық боларын баса көрсетті.

Дағдарыс бұл қашан да жаңа мүмкіндіктер

Бұл тұрғыдан алып қарағанда, ҰКП өкілінің ойынша, «бизнес тиімді әрі инновациялық өндірістерді енгізу үшін дағдарыс кезеңін пайдалануға, компаниялардың өнімділігін көтеру мақсатында шығындарды оңтайландыруға тиіс».

Қазақстан экономикасының жаңа дағдарыс жағдайында қаржылық және бейқаржылық қолдау құралдарынан тұратын «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жақсы демеу болып табылады.

«Дағдарысқа қарамастан, Бірыңғай бағдарлама бойынша бейқаржылық қолдау шараларына сұраныс азаюдың орнына, көбейіп келеді. Сөйтіп, 2015 жылы сервистік қолдау бойынша 35 мыңнан астам ШОБ субъектісі көмек алды. Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді. 15 мыңнан астам ісін бастаушы бизнесмен бизнес-мектептерден оқудан өтті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында және кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында консультациялық көмек көрсетумен бірге кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалармен, соның ішінде «БЖК-2020» Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының аясында қаржыландыру алуға тегін негізде жәрдем көрсетіледі», - деп жеткізді Хатшылық басшысының орынбасары.

Отандық өнімге деген сұраныс

Қазақстандағы жалпы ШОБ жағдайы туралы айта отырып Ирина Тюгина ресми статистика деректері бойынша (2016 жылғы 1 қаңтардағы ахуалы бойынша) тіркелген ШОК субъектілерінің көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға төмендеп (135 775 бірлік), 1 666 116 бірлікті құрағанын атады.

2014 жылмен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар саны 2,3 пайызға көбейген және 300 643 бірлікке жеткен, ЖК 11,8% төмендеп, 1 040 767 бірлікті құраған, Ш(Ф)Қ - 188 931 бірлік, төмендеу 1,9% құрап отыр.

2015 жылғы әрекет етуші ШОК субъектілерінің саны 2014 жылмен салыстырғанда 45 578 бірлікке төмендеп (3,4%), 1 289 683 бірлікті құраған.

2014 жылмен салыстырғанда 2014 әрекет етуші ЗТ саны 14,3% ұлғайған (178 576 бірлік), ЖК 6,2% төмендеген (930 077 бірлік), Ш(Ф)Қ 3,3% төмендеген (181 030 бірлік).

Экономикалық қызмет қимасында әрекет етуші ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлес салмағы: ЖК - 72,1%, Ш(Ф)Қ -14,1%, ЗТ - 13,8%.

ШОК-та еңбек етушілер саны 01.10.2015 жылы 3 214 937 адамды құрады, 2014 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш өсуі 10,9% құраған (316 651 адам).

Экономикалық қызмет қимасында ШОК-та еңбек етушілер үлесі: ЗТ – 45,4%, ЖК - 45,6%, Ш(Ф)Қ - 9,0%.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қазанға дейінгі өнім өндіру көрсеткіші 2014 жылғы 1 қазандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7% ұлғайып (426 337 адам), 10 558 763 млн.теңгені құраған.

Экономикалық қызмет қимасында ШОК өнімін шығару көлемінің үлесі: ЗТ - 84%, ЖК - 10,7%, Ш(Ф)Қ - 5,3%.

«Осылайша, 2015 жылы әрекет етуші компаниялар саны төмендеген жағдайда ШОК-та еңбек етушілер саны және өнім шығару көлемі ұлғаюда. Бұл импорттық өнім қымбаттап, бәсекелестігі төмендеуіне байланысты отанымызда өндірілетін өнімге деген сұраныстың артқанынан хабар береді», - деп түйіндеді ҰКП Комитеті Хатшысының орынбасары Ирина Тюгина.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер