astana-view

Келесі аялдама - сот!

2016 жылғы 22 Қаңтар
- Қостанай облысы
6845 просмотров

Жітіқаралық бизнесвумен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан 2,4 млн теңгені сотта жеңіп алып, кәсіпкерлік қызмет жасауға құқығын қайта қалпына келтірді

Ғалия Шүренова он жылдан астам уақыттан бері облыс орталығынан Жітіқара ауданына және кері бағытта жолаушылар тасымалдаумен айналысып келеді. Осы мақсаииа микроавтобустарды жалға алады, сондай-ақ жеке көлігін қолданады.

2014 жыл соңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Қостанай-Забеловка» бағытына қызмет көрсетуге шартты бір жақты тәртіпте бұзады. Оған жүргізушілердің соңғы тағайындалған орынға дейін бармауы және кент тұрғындарының осы тұрғыдағы шағымдары себеп болған.

Кәсіпкер мұндай дәйектерге келіспей, Кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрап жүгінеді. Ақырында мемлекеттік орган әрекетінің заңсыздығын сотта ғана дәлелдеуге қол жеткізілді.

«Сотта барлық куәгерлер адал ниетпен жұмыс жасағанымызды растады. Бұл шағымдардың бізді нарықтан ығыстыру үшін жасалғанына сенімдімін. Бастапқыда басқармаға өзім барған едім, бірақ олар тіпті құлақ та аспады. Сондықтан да сотқа жүгінуден басқа ештеңе де қалмады. Палатаға да жай ғана көмек сұрап емес, осы нарықта орын алып жатқан мұндай деректердің тасада қалмауы үшін жүгіндім», - деп мәлімдеді Ғалия Шүренова.

Шенеуніктердің сот шешіміне шағымдануға тырысуынан түк шықпады.  2015 жылы, шарт әрекеті қалпына келтірілгеннен кейін, бизнесвумен Палатаның қолдауымен екінші рет қуыным арыз береді. Бұл жолы мемлекеттік басқармадан тоқтап тұрған кезде келтірілген шығын сомасын талап етіп отыр. Сот тасымалдаушы дәйектерін негізді деп тауып, оның пайдасына 2,4 млн теңгені өндіруге қаулы қабылдады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер