Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Шотқа салынған тыйым алынып тасталды

16 Ақпан 2016 - Ақтөбе облысы
5143 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының араласуымен жергілікті компания шоттарына салынған тыйым төрт айдан кейін алынып тасталды

Палатаға «Лак-бояу материалдары» ЖШС директоры Сергей Боровиков келіп жүгінді. Компания басшысы жеке сот орындаушысына қатысты арыздың қаралуына ықпал етуді өтінген болатын. 

Ол өз серіктесінің ресейлік «Ярославский колорит» СҮ ЖАҚ компаниясына қарыз болғанын айтты. Тауарды жеткізуші 8 миллион теңге көлеміндегі қарызын қайтарып алу үшін сотқа жүгініп, сот оның пайдасына оң шешім шығарған. Ақтөбе қаласы сотының 7 желтоқсанда шыққан ұйғарымының көшірмелері дер кезінде табысталмай, арада 22 күн өткеннен кейін бергендіктен, «Лак-бояу материалдары» ЖШС қаржылық жағынан аса қиын жағдайда қалған.

Осы уақыт аралығында тауар жеткізуші алдындағы қарыз толықтай өтеліп қойғанына қарамастан, орындау қағазы жеке сот орындаушыларының қолына түсіп, компания шотына тыйым салынған.

«ЖАҚ басшылығының арызы бойынша жеке сот орындаушысы Н. арыз берушіге орындау қағазын қайтарып берген. Заң бойынша осы уақыттан бастап орындау әрекеті тоқтатылады. Бұған қарамастан, сот орындаушысы ешқандай шара қолданбаған. Тек Ақтөбе қаласы прокуратурасының шұғыл араласуынан кейін ғана олар жеке сот орындаушысы қызметіне төленетін ақы сомасын бекіту туралы алдыңғы қаулының күшін жою туралы жаңа қаулы шығарды. Осылайша, «Лак-бояу материалдары» ЖШС сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге міндеттелмейтін болды», – деп Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Руслан Күйшінов істің мән-жайын айтып берді.

Бұған қарамастан, Н. ұзақ уақыт бойы есепшотқа салынған тыйымды алып тастау бойынша ешқандай шара қолданбай келген. Нәтижесінде, ЖШС шотты қолдана алмауы салдарынан, жұмысшылар жалақысы уақтылы берілмей, салықтық төлемдер мен жеткізушілер төлемін жасауда қиындықтар туды.

«Компания өкілдері бізге келіп шағымданғаннан кейін, біз тез арада қалалық прокуратура, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, әділет департаменті өкілдерін дөңгелек үстел басына жинадық, келіссөздер нәтижесінде кәсіпорын шоттарына салынған тыйым алынып тасталды»,– деп қорытындылады Күйшінов. 


Серіктестер