Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Автобустар жолға шығады

19 Ақпан 2016 - Батыс Қазақстан облысы
5629 просмотров

Егер кемшіліктер жойылса – шартты бұзуға негіз жоқ

Орал қаласы әкімдігінің ТКШ жолаушыларды тасымалдау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «ОралТехСервис» ЖШС-мен қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарты бұзылмайтын болды.

«ОралТехСервис» ЖШС директоры Александр Бакланның Кәсіпкерлер палатасына берген өтінішінде, 2015 жылдың маусым айында қалалық прокуратура қызметкерлері жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша кәсіпорын қызметіне тексеру жүргізді, соның нәтижесінде жекелелен бұзушылықтар анықталды делінген.

«Анықтамада көрсетілген ескертулер, – делінген хатта, – түзетілді, бұзушылыққа жол берген тұлғалар жазаланды. Соның өзінде, Орал қаласының прокуроры әкімнің атына «ОралТехСервис» ЖШС-мен    жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсету жөніндегі келісім-шартты бұзу туралы мәселені шешу үшін ұсыныс-хат жіберді, дегенмен, осы шарттың талаптарын орындау бойынша ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ».

2013 жылдың қазан айында «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша біз 890 млн теңге несие рәсімдедік, – дейді палатаға Александр Баклан, – бұл сомаға 55 жаңа автобус алдық. Тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету келісім-шарты бұзылған жағдайда несиелік міндеттемелерді төлей алмай қалуымыз мүмкін, және де бұл кәсіпорынның банкротқа ұшырауына және жұмыскерлердің қысқаруына әкеп соғады».

Айта кетерлігі, «ОралТехСервис» ЖШС – облыстағы ірі жолаушы тасымалдаушы, кәсіпорында 270 адам еңбек етеді, жолаушылар тасымалдаумен 2004 жылдан бері айналысады және өздерін тұрақты кәсіпорын ретінде дәлелдеді. Кәсіпкерлер палатасының Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновке ӨКП-ның ұстанымы анық жазылған және жоғарыда айтылған міндеттемелердің бәрі ескерілген хатынан кейін, жауап келді. Онда Орал қ. ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі «ОралТехСервис» ЖШС-мен келісім-шартты бұзуға негіз жоқ екенін растайды, бұл жөнінде қала прокуратурасына хабарлама берілді делінген. 


Серіктестер